Біз кімбіз?

Біз «Philip Morris International» компаниялар тобының мүшесіміз. Бізге қатысты деректер (атауы, мекенжайы және т.б.) біздің сіз туралы ақпарат жинауымыз кезінде сізге жекелеген тәртіпте (кейде растау үшін), мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы хабарлама немесе электронды хат түрінде (мұндай хабарламаның тиісті сілтемесін көрсету арқылы), не болмаса біздің арамызда жасалған шартта ұсынылады.

  • PMI: «Philip Morris International», темекі өнімдерін өндіруге маманданған халықаралық жетекші топ. Оның құрамына бірнеше компания немесе «үлестес тұлға» кіреді.
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары: «Philip Morris International» компаниялар тобының әрбір мүшесі «PMI» тобының үлестес тұлғасы болып табылады. «Біз» (немесе «бізге», не болмаса «біздің») сіз туралы ақпаратты бірінші болып жинаған «PMI компаниялар тобының үлестес тұлғасына» қатысты қолданылады.
  • «PMI» компаниялар тобының өнімдері: біздің компанияның өнімдері немесе «PMI» компаниялар тобының өзге де үлестес тұлғаларының өнімдері.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай жинаймыз?

Біз сізге қатысты ақпаратты әртүрлі тәсілдердің көмегімен жинай аламыз.

  • Сіз бізге ақпаратты тікелей (мысалы, шарт жасасқан, үлгіні толтырған немесе бізге қоңырау шалған кезде) ұсына аласыз.
  • Біз тиісті ақпаратты автоматты түрде (мысалы, «PMI» компаниялар тобының қосымша бағдарламасын немесе веб-сайтын қолдану кезінде) жинай аламыз.
  • Біз тиісті ақпаратты үшінші тұлғалардан (мысалы, LinkedIn, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілердің платформалары түріндегі жалпыға қолжетімді дереккөздерден ала аламыз.

Осы хабарламада біз сіздің бізбен «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері» ретінде байланыс орнатуыңызға көмектесетін барлық әдістерді қолданамыз. «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелеріне физикалық құралдар (мысалы, «PMI» компаниялар тобының кеңселері, сауда нүктелері және іс-шаралар), сондай-ақ сандық құралдар (мысалы, электронды пошта арқылы жіберілетін хаттар мен веб-сайттар) кіреді.

Біз сіздің тарапыңыздан тікелей ұсынылған ақпаратты жинай аламыз. Әдетте бұл сіз:

  • біздің компанияның дерекқорларына өзіңіз туралы ақпаратты енгізу үшін тіркелген кезде (мұны жеке кездесу арқылы, қолданбалы бағдарлама арқылы немесе онлайн тәртіпте орындауға болады);
  • сауда-саттық мақсаттарында немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер берген кезде (мысалы, сауда нүктелерінде);
  • «PMI» компаниялар тобының өнімдерін сату, оларды ілгері жылжыту шараларына қатысу немесе оларды тарату (немесе басқа да іс-шараларды қолдау) кезінде;
  • «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктесін (мысалы, қолданбалы бағдарлама немесе веб-сайт арқылы) жүктеген немесе қолданған кезде;
  • бізге «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктесі немесе электронды пошта, әлеуметтік желі немесе телефон арқылы хабарласқан жағдайда;
  • бізбен бірге құрылғыны тіркеген кезде;
  • біздің компанияның дерекқорларына тұтынушы туралы ақпаратты енгізу үшін тіркелген кезде;
  • «PMI» компаниялар тобының портал панеліне жазылған кезде;
  • «PMI» компаниялар тобының пресс-релиздерін, электронды пошта арқылы жіберілетін хабарламаларды немесе маркетингтік коммуникацияға қатысты мәліметтерді алу үшін тіркелген кезде;
  • «PMI» компаниялар тобы өткізетін сауалнамаларға немесе (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) конкурстарға немесе акцияларға қатысқан кезде, не болмаса
  • біздің кеңселерге келген кезде немесе «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде жүзеге асады.

Біз сіз туралы ақпаратты автоматты түрде жинай аламыз. Әдетте бұл сіз:

  • біздің кеңселердің біріне келген кезде (мысалы, бейнежазбалар (жасырын бейнебақылау жүйесінде) және ғимаратқа кіру журналдарында тіркеу арқылы);
  • «PMI» компаниялар тобының өнімдерін сататын дүкенде жұмыс істеген немесе мұндай дүкенге келген кезде (мысалы, сізді тіркеу немесе дүкендегі мобильді технологиямен байланыстырылған арнайы сенсорлардың көмегімен сізге қатысты ақпаратты алу арқылы);
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан (мысалы, іс-шарада сату /сатып алу әрекеттерін орындау арқылы) немесе оған мұндай іс-шарада қарастырылған мобильді технологиямен байланыстырылған арнайы сенсорлар арқылы қатысқан кезде;
  • бізге хабарласқан жағдайда (мысалы, «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктесі немесе әлеуметтік желілердің платформалары арқылы);
  • «PMI» тобының байланыс нүктелерін қолданған кезде (мысалы, қолданбалы бағдарламадағы немесе веб-сайттағы бақылау механизмдері арқылы); не болмаса
  • біз тіркелген әлеуметтік желілердің платформаларында жария пікірлер (мысалы, қоғамның пікірін білу үшін немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдеріне қатысты сауалдарға жауап түріндегі хаттар) жазған кезде жүзеге асады.

Сондай-ақ, біз сіз туралы ақпаратты «PMI» тобының сандық байланыс нүктелерінде қарастырылған cookie-файлдардың және осыған ұқсас бақылау технологияларының көмегімен автоматты түрде жинай аламыз. Нақты жағдайда cookie-файлдардың және осыған ұқсас технологиялардың қайсысының қолданылатындығы тиісті сауал тасталған «PMI» тобының байланыс нүктесіне тәуелді. Тиісті байланыс нүктесінде қолданылатын сookie-файлдар (соның ішінде Google analytics cookie) және осыған ұқсас технологиялар туралы, сондай-ақ сіздің сookie-файлдарды қалай қабылдай немесе олардан бас тарта алатындығыңыз туралы мәліметтер алу үшін тиісті байланыс нүктесінде қолжетімді немесе ол арқылы алуға болатын «Cookie жөніндегі хабарламаны» қарауыңызды сұраймыз.

Заңнамада рұқсат етілген жағдайда, біз сізге қатысты ақпаратты үшінші түлғалардан ала аламыз. Мұндай ақпаратқа «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары бір-бірімен бөлісетін ақпарат, үшінші тұлғаның әлеуметтік желілеріндегі (мысалы, LinkedIn, Facebook жәнеTwitter) жеке профиліңізде көрсетілген жалпыға қолжетімді ақпарат (мысалы, сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат) және бөгде маркетингтік агенттіктерден алынған маркетингтік тізімдер кіруі мүмкін.

Сонымен қатар, біз белгілі бір уақыт кезеңінде сіздің тарапыңыздан өзге де жолдармен көрсетілген ақпаратты жинай аламыз.

Сіз туралы қандай ақпаратты жинаймыз?

Біз сіз туралы келесі ақпаратты жинай аламыз:

  • біздің сізбен, сіздің жұмыс берушіңізбен немесе өкіліңізбен арадағы қарым-қатынасты басқаруға және жүйелендіруге қажетті ақпарат
  • сауда-саттық мақсаттарына немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер беруге (мысалы, тапсырыстарды орындау үшін) қажетті ақпарат
  • «PMI» компаниялар тобының өнімдерін немесе қызметтерін қолдап отыруға, не болмаса кепілдікті қызмет көрсетуге қажетті ақпарат
  • біздің тұтынушыларымызға, «PMI» компаниялар тобының өнімдеріне немесе бізге қатысты қандай қызмет түрлерін көрсететіндігіңізге (мысалы, біздің компанияның дерекқорларына тұтынушы туралы ақпаратты енгізу, кепілдікті қызмет көрсету, «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен сату орындарындағы жарнамалық материалдарды шығару және т.б.) қатысты ақпарат
  • шарттарда, үлгілерде немесе сауалнамаларда немесе сандық байланыс нүктелерінде сіздің тарапыңыздан берілетін ақпарат
  • біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпарат
  • call-центрге хабарласқан кезде шарттарда (мысалы, қоңырау шалу, электронды хаттар және т.б.) сіздің тарапыңыздан берілетін ақпарат
  • сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат
  • сіздің жасыңызды анықтауға, жеке басыңызды және жұмыс берушіңіздің атынан әрекет ету құқығыңызды (қажеттілік жағдайында) куәландыруға қажетті ақпарат

Біздің тарапымыздан сіздің тікелей жеке қатысуыңызбен алынған ақпарат сіз мұндай ақпаратты бізге ұсынған кезде көрсеткендей тәртіпте қолданылады. Мысалы:

  • егер сіз «PMI» тобының байланыс нүктесі арқылы өнімге тапсырыс берсеңіз, сіздің тапсырысыңызды орындау үшін сіз өзіңіздің атауыңызды көрсетіп, байланыс деректеріңізді, төлем деректемелеріңізді, сондай-ақ, таңдаған өнімді көрсетесіз;
  • егер арамызда дистрибуциялық қарым-қатынас орнатылса, сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен жасалған қарым-қатынасымызды басқару үшін және сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен жасалған шарттың талаптарын орындау мақсатында, сіз өзіңіздің атауыңызды көрсетіп, байланыс деректеріңіз, төлем деректемелеріңіз туралы деректерді ұсынасыз;
  • сізге қызықты болатын өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін, сіз бізге өзіңіз қалайтын және өзіңізге қызықты болатын өнімдер туралы ақпаратты ұсына аласыз;
  • біз сіздің жасыңызды растауға мүмкіндік беретін ақпаратты, мысалы, сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе фотосуретіңізді ала аламыз;
  • «PMI» компаниялар тобының өнімдерін немесе сату нүктесіндегі материалдардың қалай көрсеткеніңіз туралы бізге фотосурет жібере аласыз;
  • сіз хабарламаларға жауап бере аласыз;
  • біздің тарапымыздан кепілдендіріліген қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін, сіз біздің компанияның дерекқорларына тұтынушы туралы ақпаратты енгізе аласыз.

Біздің тарапымыздан автоматты түрде жиналатын ақпаратта негізінен мыналар қамтылады:

  • сіздің топтың кеңселеріне келуіңіз немесе қоңырау шалуыңыз туралы мәліметтер (мысалы, мұндай әрекеттердің уақыты мен ұзақтығы);
  • біздің топтың кеңселеріне, сауда бөлімшелеріне немесе іс-шараларына (соның ішінде ең жақын орналасқан аймақтардағы) келу жиілігіне және қандай мақсаттармен жүгінгендігіңізге/келгендігіңізге және бұл жерлерде қанша уақыт болғандығыңызға, сондай-ақ, не сатып алғаныңызға қатысты ақпарат;
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктелерін қолдануыңызға қатысты ақпарат (мысалы, парақшалардың қайсысына кіргендігіңіз, бұған дейін қандай парақшаға кіргендігіңіз, осы парақшадан шыққаннан кейін қандай парақшаға кіргендігіңіз, парақшадан қашан шыққандығыңыз, сіздің тарапыңыздан енгізілген іздеу сөздері немесе байланыс нүктесі шегінде басылған сілтемелер); сондай-ақ
  • сіздің құрылғыңыз (мысалы, сіздің IP-мекенжайыңыз немесе құрылғының әмбебап сәйкестендіргіші, орналасқан жерге қатысты деректер, сіздің құрылғыңызда сақталуы мүмкін кез келген cookie-файлдарға қатысты мәліметтер).

Әдетте, біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпаратта сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз сияқты жалпыға қолжетімді деректер (мәселен, әлеуметтік желілерде жарияланған жария пікірлер негізінде алынған) қамтылады.

Біз сіз туралы ақпаратты қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негіздемеге сүйене отырып қолданамыз?

Бұл бөлімде біз жеке ақпаратты қолдану көзделетін мақсаттарды сипаттаймыз. Алайда, бұл хабарлама жалпылай сипатта болғандықтан, тиісті елдің заңнамасында осы хабарламада сипатталған белгілі бір әрекеттерге шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайда, біз аталған елде сізге қатысты ақпаратты осы мақсаттар үшін қолданбаймыз.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, біз сізге қатысты ақпаратты келесі мақсаттарда қолданамыз:

  • Сіздің жасыңызды анықтау және жеке басыңызды және бөлек сауда сатушы статусыңызды куәландыру, «Сізге қызметтерін көрсететін жеткізуші туралы не білесіз?» тексерістерін жүргізу және біздің сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен арамыздағы шарттық қатынастарды басқару сияқты нормативтік міндеттемелерді жүзеге асыру үшін
  • Нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету, мысалы, сізге қатысты жазбаларды қандай да бір болжалды даулар туындаған кезде біздің заңгерлерден немесе өзге де кеңесшілерден кеңестер алу мақсатында сақтап қою және қолдану үшін
  • Біздің өнімдерімізді сізге сату, соның ішінде сіздің тапсырыстарыңызды орындау, сіздің төлемдеріңізді өңдеу үшін
  • Сізге сауда айналымына қатысты қызметтерді ұсыну, соның ішінде сіздің сауалдарыңызға жауап беру және талаптарыңызды қанағаттандыру, сондай-ақ, кепілдікті қызмет көрсету үшін
  • Сізге қандай да бір жаңарту әрекеттері, жарнамалық науқандар, іс-шаралар туралы хабарлау және біздің қарым-қатынасымызға қатысты аспектілерді басқару, соның ішінде бейілділік бағдарламаларын реттеу, ересек тұтынушыларға өз жазбаларымен (заңмен рұқсат етілген жағдайларда) және бейілділік бағдарламасымен көмектесу, өнімдерді жетілдіру, нарықты зерделеу, маркетингтік стратегияларды дайындау, маркетингтік кампанияларды басқару және «PMI» компаниялар тобының өнімдері сатылатын дүкендерде және іс-шаралардаы өз тәжірибеңізді қолдану үшін
  • Біздің өнімдерімізді ілгері жылжыту үшін, біздің дерекқорымызда ересек тұтынушыларды тіркеу
  • Жоғарыда аталған әрекеттердің барлығын қолдап отыру, соның ішінде сіздің немесе жұмыс берушіңіздің тіркеу жазбаларын әкімшіліктендіру, сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызға (бар болған жағдайда) және «PMI» компаниялар тобының өнімдерін сатуыңызға, оларды ілгері жылжыту шараларына қатысуға немесе оларды таратуға мүмкіндік беру, әкімшіліктендіру және ақауларды жою, жалпы жазбаларды жүргізу және біздің тарапымыздан сізге қатынау құқығы берілген кез келген жүйеге кіруіңізді бақылау үшін
  • Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шараларын орындау, соның ішінде «PMI» компаниялар тобының өнімдерін, кеңселерін, үдерістерін, дүкендері мен іс-шараларын, сондай-ақ біздің (немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың) тарапымыздан біздің клиенттерге, жеткізушілерге ақпараттың берілу барысын жетілдіру үшін
  • Бізге немесе біздің бизнес-серіктестерімізге тиімді жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында сізге маркетингтік шараларға немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдерін ілгері жылжыту шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлау үшін
  • Сізге алдын ала хабарланатын немесе тиісті мәселенің барысына қарай айқындалатын, сіз туралы бастапқыда жиналған ақпаратқа қатысы бар өзге де мақсаттар үшін

    Біздің тарапымыздан сізге қатысты ақпаратты қолдану негізі ретінде келесі негіздердің бірі қолданылады (аталған негіздер «толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі):

  • бізге жүктелетін заңды міндеттемелерді тиісті түрде орындау;
  • сіз бір тарабы болып табылатын келісімшартты орындау;
  • сіздің өзіңізге қатысты тиісті ақпаратты қорғауыңыз үшін талап етілетін мүдделерге қайшы келмейтін заңды бизнестік мүдделер;
  • жоғарыда көрсетілген негіздердің бірде бірі қолданылмаған жағдайда, сізге қатысты ақпаратты қолдану үшін сіздің келісіміңіз қажет (біз ақпаратты өңдеместен бұрын сізден мұндай келісім беретіндігіңізді сұраймыз).

Біз төменде көрсетілген тиісті ақпаратты жинау әдістері мен мұндай ақпаратты қолданудың құқықтық негізін басшылыққа ала отырып, сізге қатысты ақпаратты келесі мақсаттарда қолданамыз:

 Мақсаты
 Ақпаратты жинау әдісі және оларды өңдеудің құқықтық негізі

Нормативтік міндеттемелерді орындау

  • сіздің жасыңызды анықтау, жеке басыңызды және бөлек сауда сатушы мәртебеңізді куәландыру
  • салық және бухгалтерлік есеп міндеттемелерін анықтау
  • сауда ықпалшараларын анықтау
  • анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеру
  • еңбекті қорғау жөніндегі менеджмент
  • ақпаратты жариялауға қатысты нормативтік-құқықтық талаптарды анықтау
  • мүдделер қайшылығын анықтау
  • шарттарды және оған байланысты құжаттарды өз құзыретіңіз шеңберінде толтыру
  • теріс қылық туралы айыптарды теексеру

Әдетте, мұндай ақпаратты біз сіздің тікелей қатысуыңызбен аламыз.

Біз мұндай ақпаратты бізге тек ересек адамдармен сауда-саттық жасау және топтың бизнесін лайықты түрде жүзеге асыру (соның ішінде компаниялар туралы заңнама мен салық заңнамасын тиісті түрде орындау арқылы), қаржы және салық есебін жүргізу, сауда ықпалшараларын басшылыққа алу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды сақтау (бұған туындаған оқиғалардың жазбасын жүргізу әрекеті кіруі мүмкін), есептер дайындау, құзыретті органдардың қандай да бір ақпаратты сұратуы кезінде оларға жауап беру және қандай да бір мүдделер қайшылығын реттеу қажет болғандықтан, немесе мұндай заңды міндеттемелер жүктелмейтін елдерде, сізге қатысты ақпаратты қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін үздік практикалық талаптарға сәйкес топтың бизнесін жүргізуге қатысты заңды бизнестік мүдделерді қамтамасыз ету талап етілетіндіктен қолданамыз.

Біздің өнімдерді сату

  • сіздің тапсырыстарыңызды орындау (соның ішінде төлем түбіртектерін жіберу)
  • сіздің төлемдеріңізді өңдеу
  • кепілдікті қызмет көрсету

Әдетте, мұндай ақпаратты біз сіздің тікелей қатысуыңызбен немесе сіздің жұмыс берушіңізден (тиісті жағдайларда) аламыз (бұған негізінен, компанияның атауы, қызметі, мекенжайы, электронды мекенжайы, төлем деректері, қатынас хаттар кіреді).

Біз мұндай ақпаратты біздің өнімдерді сатып алушы болып табылатын сіздің және жұмыс берушіңіздің алдындағы шарттық міндеттемелерімізді орындау үшін қолданамыз.

 

Сауда айналымына қатысты қызметтерді ұсыну

  • сіздің сауалдарыңызға жауап беру және талаптарыңызды қанағаттандыру
  • сізбен хат алмасу
  • жалпы әкімшіліктендіру және ақауларды жою
  • бейілділік бағдарламаларын басқару
  • өзара қарым-қатынасты басқару

Әдетте, мұндай ақпаратты біз сіздің тікелей қатысуыңызбен немесе сіздің жұмыс берушіңізден аламыз.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сізге қатысты ақпараттың қолданылуын қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, сізге немесе сіздің жұмыс берушіңізге сауда айналымына қатысты қызметтерді ұсынуға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

 

Бизнесті ілгері жылжыту және өзара қарым-қатынасты басқару (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса)

  • сізге қандай да бір жаңарту әрекеттері, жарнамалық акциялар мен іс-шаралар туралы хабарлау
  • біздің арамыздағы өзара қарым-қатынасты басқару
  • біздің дерекқорымызда ересек тұтынушыларды тіркеу
  • ересек тұтынушыларға өз жазбаларымен көмектесу
  • сіздің қалауыңызды түсіну (мысалы, сізді қандай өнімдер немесе іс-шаралар қызықтыруы мүмкін екендігін немесе олардың қайсысы сіздің қажеттіліктеріңізді барынша қанағаттандыратынын білу)
  • бейілділік бағдарламаларын басқару
  • сізді зерттеулерге немесе нарықты зерделеу кампанияларына қатысуға және оларды басқаруға шақыру
  • нарықты зерделеу
  • маркетингтік стратегияларды дайындау
  • маркетингтік кампанияларды басқару
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызды оңтайландыру (мысалы, байланыс нүктелеріне кіру кезінде сізге қызықты болуы мүмкін қарсы алу сөздерін шығару немесе ұсыныстар беру сияқты жекелеген функцияларды қамтамасыз ету)

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан бізге ұсынылатын ақпараттың (мысалы, серіктестің атауы, байланыс деректері және оның әлеуметтік желілеріне қатысты деректер); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерінің қолданылуын бақылау технологияларының көмегімен алынған ақпарат) және (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпараттың (мысалы, әлеуметтік желілерде жарияланған жария пікірлер) үйлесімі болып табылады.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сіз туралы ақпаратты қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, сіз бен біздің қарым-қатынасымызды басқаруға және сізге біздің топтың қызметі, өнімдері мен іс-шаралары туралы хабарлауға, «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін басқаруға және сіздің тарапыңыздан орындалатын әрекеттерді оңтайландыруға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты пайдаланамыз.

Бизнесті ілгері жылжыту және өзара қарым-қатынасты басқару (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса)

  • сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына, олардың жарнамалық науқандарына, өнімдері мен қызметтеріне, дүкендеріне, іс-шараларына және темекі бұйымдары туралы жекелеген нормаларға қатысты және оларды басқаруға қатысты; сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарын дайындауға және жетілдіруге қатысты ақпарат ұсыну

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан бізге ұсынылатын ақпараттың (мысалы, серіктестің атауы және байланыс деректері, сондай-ақ оның әлеуметтік желілеріне қатысты деректер); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, cookie-файлдар мен осыған ұқсас бақылау технологияларының қолданылуы туралы ақпарат) және (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпараттың (мысалы, әлеуметтік желілерде жарияланған жария пікірлер) үйлесімі болып табылады.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сізге қатысты ақпараттың қолданылуын қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, сізге осы ақпарат туралы хабарлауға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

Кейбір елдерде, жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз мұндай материалдарды сізге тек сіздің келісіміңізді алғаннан кейін ғана электронды форматта жібереміз.

Іскерлік әкімшіліктендіру

  • жалпы ұйымдастырушылық басқару және іскерлік қызмет есебін жүргізу
  • сатушының қызметтерді жүзеге асыру барысын қадағалау (бүкіл мерзім ішінде)
  • келіп-кетушілерді тіркеу және есепке алу
  • арнайы іс-шараларды, оқыту курстары мен сәйкестікті қамтамасыз ету бағдарламаларын басқару және жүзеге асыру
  • біздің сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен қарым-қатынасымызға қатысты хат алмасу, соның ішінде сіздің сауалдарыңызға жауап беру және талаптарыңызды қанағаттандыру
  • IT жүйелерін дайындау, қолданысқа енгізу, олармен жұмыс істеу және оларға қызмет көрсету
  • жүйелердің, құрылғылар мен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • байланыс дерекқорларымен және топтық жұмыстарды қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс істеу
  • қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының қызметкерлер құрамының, клиенттердің, жеткізушілердің, келіп-кетушілердің қорғанысы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ әрбір тұлғаның мүлкінің қорғалуын қамтамасыз ету

Әдетте, мұндай ақпаратты біз сіздің тікелей қатысуыңызбен немесе сіздің жұмыс берушіңізден аламыз.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сізге қатысты ақпараттың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің топтың бизнесін жүргізуге, сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен жасалған біздің қарым-қатынасымызды басқаруға және біздің ғимараттарымыз бен IТ жүйелеріміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

Қауіпсіздікті және жүйелерді бақылау

  • талап етілген жағдайда, бақылау құралдары мен журналдардың дұрыстығын және оларға қол жеткізу мүмкіндігін тексеру
  • сізге қол жеткізу құқығы берілетін «PMI» компаниялар тобының жүйелерін, құрылғыларын, интернет парақшалары мен электронды поштасын бақылау
  • «PMI» компаниялар тобының үй-жайларына кіру рұқсатын, «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының қызметтерді жеткізуін және үй-жайлардағы қауіпсіздік шараларын бақылау 

Мұндай ақпарат біздің үй-жайларымыздағы автоматтандырылған жүйелер мен бақылау құрылғылары, жасырын бейнебақылау жүйесі (CCTV) мен аудиожазба құрылғылары және телефон қоңыраулары сияқты әртүрлі құралдардың көмегімен автоматты түрде жиналады.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сізге қатысты ақпараттың қолданылуын қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің физикалық және сандық инфрақұрылымымыз бен үй-жайларымыздың құпиялылығын, тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға қажетті заңды бизнестік мүдделерді қамтамасыз ету талап етілетіндіктен қолданамыз.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың барлығының жүзеге асырылуын қадағалау

  • сіздің тіркеу жазбаларыңызды әкімшіліктендіру
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызға мүмкіндік беру (мысалы, сізге байланыс нүктесінің тиісті бөлімдеріне өз логиніңізбен кіруіңізге мүмкіндік беру (мұндай мүмкіндік тек тіркелген пайдаланушыларға ғана беріледі), сізге қандай да бір тілді таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, сіздің онлайн-дүкендегі «себетіңізді» бізбен байланыстыру)
  • сізбен хат алмасу
  • сізге қажетті бола алатын өнімдерге тапсырыс беруді ұсыну (мысалы, алдыңғы тапсырыстар негізінде) сияқты тәжірибеңізді жетілдіру
  • әкімшіліктендіру және ақауларды жою

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпарат (әдетте, аты-жөніңіз, құпиясөз және осыған ұқсас деректер) мен біздің тарапымыздан автоматты түрде жиналатын ақпараттың (мысалы, сіздің құрылғыңызға, cookie-файлдар мен осыған ұқсас бақылау технологияларға қатысты ақпарат) комбинациясы болып табылады.

Біз мұндай ақпаратты біздің тарапымыздан үйлестірілетін ақпаратты қолдану мақсаттарына сәйкес келетін негіздерді басшылыққа ала отырып қолданамыз. Мәселен, біз сіздің тіркеу жазбаңызды сатып алу әрекеттерін жүзеге асыру немесе сатып алғаннан кейінгі қызметтерді көрсету үшін әкімшіліктендірген жағдайда, біз мұндай ақпаратты біздің топтың өнімдерін сатып алушы болып табылатын сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерімізді орындау үшін қолданамыз; ал оны біздің өнімдерімізге қатысты сіздің ағымдағы мәртебеңізді жаңарту үшін әкімшіліктендірген жағдайда немесе сізге қажетті болуы мүмкін тапсырыстарды ұсынған жағдайда, біздің топта бизнесті жан-жақты қолдау көзделетінін ескере отырып, мұндай ақпаратты сізге қатысты ақпаратты қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің топтың өнімдерін нарыққа шығаруға және т.б. шараларға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуын негізге ала отырып қолданамыз.

Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шаралары

  • бізге немесе біздің іскерлік серіктестерімізге сізге «PMI» компаниялар тобының өнімдерін ілгері жылжыту шараларына қатысу туралы хабарлауға мүмкіндік беру
  • бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асыру (соның ішінде «PMI» компаниялар тобының өнімдеріне, жүйелеріне, үдерістеріне, кеңселеріне, «PMI» компаниялар тобының өнімдері сатылатын сауда бөлімшелеріне, оқыту курстарына, іс-шараларға, «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктелеріне қатысты ақпарат, сондай-ақ біздің тарапымыздан (немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың тарапынан) сізге немесе сіздің жұмыс берушіңізге немесе пайдаланушыға берілетін ақпарат)

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан бізге ұсынылатын ақпараттың; біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың; сондай-ақ (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) біз үшінші тараптардан алатын ақпараттың үйлесімі болып табылады.

Біз мұндай ақпаратты біздің топта сіз туралы ақпаратты қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің топтың іскерлік қызметінің өнімділігіне, біздің өнімдерге, жүйелерге, үдерістерге, кеңселерге, дүкендерге, оқыту курстарына, іс-шараларға, «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктелеріне талдау жүргізуге және олардың деңгейін арттыруға, сондай-ақ өзгелерді «PMI» компаниялар тобының өнімдерін ілгері жылжытуға шақыруға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

 

Егер сізге қатысты ақпараттың біздің тарапымыздан қолданылуы жоғарыда көрсетілген құқықтық негіздердің ешқайсысына негізделмейтін болса, біз тиісті ақпаратты өңдеместен бұрын осыған қатысты сіздің келісіміңізді аламыз (мұндай жағдайлар тиісті факторларды ескере отырып айқындалады).

Біз кейбір жағдайларда сізге қатысты ақпаратты жоғарыда сипатталғаннан бөлек әдістердің көмегімен қолдануымыз мүмкін. Бұл жағдайда, біз сізге мұндай пайдалану шарттары қамтылған қосымша Құпиялылық туралы хабарламаны ұсынамыз. Сіз осы хабарламамен қатар, кез келген қосымша хабарламаны да оқуға тиістісіз.

Біз сіз туралы ақпаратты кіммен және қандай мақсаттар үшін бөлісеміз?

Біз сізге қатысты ақпаратты келесі тұлғалармен бөлісе аламыз:

  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары;
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалар (мысалы, кәсіби кеңесшілер, төлем қызметтерін ұсынушы тұлғалар, жеткізу қызметтерін ұсынушы тұлғалар, аудиторлар және ақпараттық қызметтерді ұсынушы тұлғалар);
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының жан-жақты іріктелген іскерлік серіктестері мен жарнама берушілері (біздің өнімдермен байланысқан салаларда маманданған, не болмаса мұндай үлестес тұлғалардың стилі мен беделіне сәйкес келетін тұлғалар), бұл ретте мұндай тұлғалармен ақпаратты бөлісу олардың сіздің қалауыңызды ескере отырып, олардың пікірінше сізді қызықтыруы мүмкін қандай да бір ұсыныстармен, соның ішінде сауда бағдарламаларымен, оқу материалдарымен және оқыру курстарымен сізге жүгіне алуы үшін қажет; сондай-ақ
  • жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген болса, басқа да үшінші тұлғалар (мысалы, қадағалау органдары; үкіметтік ұйымдар және кәсіби кеңесшілер).

Ақпаратты «PMI» компаниялар тобының басқа да үлестес тұлғаларымен бөлісу

  • Біз сізге қатысты ақпаратты «PMI» тобының үлестес тұлғалары үшін Жеке деректерді өңдеу жұмыстарын бір орталықтан әкімшіліктендіру орны қызметін атқаратын «Philip Morris International Management SA» компаниясымен (Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан) бөлісеміз. Сонымен қатар, біз сізге қатысты ақпаратты «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары үшін технологияларды жеткізуші қызметін атқаратын «Philip Morris International IT Service Centre Sàrl» компаниясымен (Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан) бөлісеміз. «Philip Morris International Management SA» компаниясы мен «Philip Morris International IT Service Centre Sàrl» компаниясы (өздерінің құзыреттері шегінде) сізге қатысты ақпаратты осы хабарламада көрсетілген мақсаттардың барлығы үшін қолданады.
  • Осы хабарламада көзделген барлық мақсаттарды қатысты сіз жұмыс істеп жатқан елге жауап беретін «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасымен (егер бұл «PMI» компаниялар тобының ақпаратты бірінші болып жинаған үлестес тұлғасы болмаса) сіз туралы ақпаратпен бөлісуіміз мүмкін.
  • Сізге қатысты ақпарат сіз байланыс орнататын немесе ортақ коммерциялық қызметті жүзеге асыратын «PMI» компаниялар тобының кез келген өзге үлестес тұлғасына (мысалы, сіз өнімдер мен қызметтерді «PMI» компаниялар тобының өзге үлестес тұлғаларына сатқан немесе «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасымен қарым-қатынас орнату кезінде олардың кеңселеріне сапармен барған жағдайда) берілуі мүмкін.

Тиісті ақпараттың «PMI» тобының қандай үлестес тұлғасының немесе қандай елдің шегінде құрылғандығы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді мына сілтеме арқылы біле аласыз.

Ақпаратты үшінші тараптармен бөлісу

  • Біз сізге қатысты ақпаратты «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалармен (мысалы, кеңесшілермен, төлем қызметтерін ұсынушы тұлғалармен, жеткізу қызметтерін ұсынушы тұлғалармен, бөлшек саудагерлермен, өнімнің белгілі бір түріне маманданған тұлғалармен, ақпараттық қызметтерді ұсынушы тұлғалармен және тиісті тұлғаның жасын анықтау қызметтерін ұсынушы тұлғалармен) бөлісуіміз мүмкін.
  • Біз сізге қатысты ақпаратты «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының жан-жақты іріктелген іскерлік серіктестерімен және жарнама берушілерімен (олар ұсынатын өнімдерді біздің өнімдермен байланыстыру мүмкін болған жағдайда, мәселен, біздің имиджіміз, стиліміз немесе қызметіміз ұқсас әлде бір-бірін толықтыратын болса) олардың сіздің қалауыңызды ескере отырып, олардың пікірінше сізді қызықтыруы мүмкін қандай да бір өнімдер, қызметтер және жарнамалық акциялар ұсыну мақсатында сізге жүгінуін қамтамасыз ету үшін бөлісуіміз мүмкін.
  • Біз жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген болса, сізге қатысты ақпаратты басқа да үшінші тараптармен, мысалы қадағалау органдарымен; үкіметтік ұйымдармен; құқық қорғау органдарының немесе өзге де мемлекеттік шенеуніктердің сұратуына жауап ретінде; біздің тарапымыздан мұндай ақпаратты жариялау физикалық зардаптың немесе қаржылай шығынның алдын алу үшін қажет немесе ойға қонымды деп есептелген кезде, әлде болжалды немесе іс жүзіндегі заңсыз әрекеттерді тергеуге байланысты; сондай-ақ ұйымдастырушылық қайта құрылымдау мақсатында бөлісуіміз мүмкін. 

Сіз туралы ақпарат қай жерлерге жіберілуі мүмкін?

Кез келген көпұлтты ұйымдағыдай, «PMI» тобының үлестес тұлғалары ақпаратты бүкіл әлем бойынша таратады. Тиісінше, сізге қатысты ақпарат бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпарат Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттың оның шегінен тыс та берілуі мүмкін екендігін білдіреді).

Осы хабарламада сипатталған ақпаратты қолдану кезінде, сізге қатысты ақпарат мұндай ақпарат жиналған елдің немесе аумақтың шегінде немесе одан тыс, соның ішінде тиісті деректерді қорғауға мүмкіндік беретін балама стандарттары болмауы мүмкін ел немесе аумақ шегінде берілуі мүмкін.

Еуропалық экономикалық аймақ («ЕЭА») шегінде орналасқан «PMI» тобының үлестес тұлғалары жеке тұлғаларға қатысты ақпаратты «PMI» тобының үлестес тұлғаларына ЕЭА шегінен тыс бере алады. Мұндай мүмкіндік, мәселен, бүкіл әлем бойынша бизнестік операцияларды жеңілдету үшін ескерілген. Бұл ретте, кез келген жағдайда мұндай ақпаратты беру:

  • Еуропалық комиссияның Сәйкестік туралы шешімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
  • тиісті кепілдіктермен, мысалы ЕО-ның Типтік шарттарымен қорғалуы тиіс, не болмаса
  • сіз бен біздің арамызда жасалған шарттың міндеттемелері орындалуы (немесе сіздің сұрауыңыз бойынша шарт жасасуға дейін қабылданған шаралар жүзеге асырылуы), не болмаса сіздің мүдделеріңізді ескере отырып, біз бен үшінші тарап арасында шарт жасасуға немесе жасалған шартты орындауға қатысты міндеттемелер, мысалы, сапар шығындарын төлеу міндеттемелері орындалуы тиіс.

Барлық жағдайда, деректерді қорғау туралы қолданбалы заңнамаға сәйкес осы елдерде немесе аумақтарда жеке ақпаратты қорғауға бағытталған тиісті қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуы қажет.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай қорғаймыз?

Біз жеке ақпаратты қорғау үшін олардың рұқсатсыз жариялануын, пайдаланылуын, өзгертілуін немесе жойылуын болдырмауға бағытталған тиісті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қажеттілік жағдайында, біз сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін кодтау әрекеттерін және басқа да технологияларды қолданамыз. Сондай-ақ біз бізге қызметтерін ұсынушы тұлғалардан деректердің құпиялығынына және қауіпсіздігіне қатысты қатаң талаптарды сақтауларын талап етеміз.

Сіз туралы ақпарат қандай мерзімге сақталады?

Біз сіз туралы ақпаратты мұндай ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті кезең ішінде сақтаймыз. Бұдан кейін мұндай ақпарат жойылады. Кезеңнің ұзақтығы тиісті ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарға тәуелді. Кейбір жағдайда сіз бізден тиісті ақпараттың жойылуын сұрауға құқылы екендігіңізді есіңізде ұстаңыз. Сонымен қатар, бізге кейбір жағдайда заң бойынша, мәселен, салық салу және есеп жүргізу мақсаттарында тиісті ақпаратты сақтау міндеті жүктеледі.


Әдетте, біз деректерді төмендегі кестеде берілген критерийлер негізінде сақтаймыз:

 Деректердің типі
 Түсіндірмесі / деректерді сақтауға қатысты типтік критерийлер
  • сатушымен арадағы коммерциялық қарам-қатынасты басқару туралы ақпарат (сандық байланыс нүктелерін пайдаланатын және онымен байланысуға болатын сатушы)

Сіздің сатушы профилиңіздегі ақпараттың көбісі сізбен арадағы сауда-саттық қарым-қатынастың қолданылу мерзімі бойы сақталады. Дегенмен, аяқталған тапсырмалар тарихы, сыйлық алу тарихы немесе сатып алу тарихы сияқты сіздің профиліңіздегі кейбір ақпарат белгілі бір уақыт өткеннен кейін ескіретіндіктен, біз мұндай ақпаратты оларды жинауға негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті белгілі бір кезеңдер аяқталысымен автоматты түрде жоямыз.

  • сатушымен арадағы коммерциялық қарам-қатынасты басқару туралы ақпарат (сатушы сандық байланыс нүктелерін пайдаланбайды)

Бұл сценарий жоғарыдағыға ұқсайды, бірақ бір ерекшелігі бар: егер сіз сандық байланыс нүктесін ұзақ уақыт бойы (әдетте, 2 жыл) пайдаланбасаңыз, біз сіздің сандық платформаға қол жеткізуіңізді алып тастап, сіздің оны пайдалануыңызға қатысты бізде сақтаулы жазбаларды (егер ол тапсырыстарыңызды жазу сияқты басқа өңдеу мақсатына жатпаса) жоятын боламыз. Бұл жағдайларда сіз осы сандық платформаны пайдалануды қаламайсыз деп ұйғарамыз.

  • сатушы (байланысуға қолжетімсіз)

Егер сіз сату ретінде тіркелсеңіз, бірақ, сізбен байланысу үшін сіздің тарапынан берілген ақпарат жарамсыз болса, оны түзету мақсатында осы ақпаратты 6 ай мерзімге сақтап қоямыз.

  • сатушы (тіркелуі аяқталмаған)

Егер сіз сатушы ретінде тіркелуді бастап, бірақ оны аяқтамасаңыз, біз бұл ақпаратты мүлде сақтамайтын боламыз.

  • іскерлік есеп және төлем жүргізу есебі

Біз компанияның ішкі талаптары мен салық төлеу талаптарын басшылыққа ала отырып, әдетте, 11 жыл бойы белгілі бір кезеңде жасалған және қабылданған шот-фактуралардың, сату және сатып алу деректерінің, төлем жүргізу деректерінің, сондай-ақ ілеспе құжаттардың (мысалы, шарттар және электронды хаттар) есебін жүргіземіз. Сонымен қатар, біз нормативтік-құқықтық міндеттемелерді орындау талап етілетін мерзім ішінде жеткізушілер тарапынан орындалған тексерістердің есебін жүргіземіз.

  • келушілердің жазбалары

Егер сіз біздің топтың ғимараттарының біріне келетін болсаңыз, осыған байланысты сізді тіркеу деректері әдетте үш жыл бойы сақталады.

  • Жасырын бейнебақылау жүйесінің (CCTV) көмегімен алынған жазбалар

Сіз біздің ғимараттарымызға келген жағдайда, осыған қатысты жасырын бейнебақылау жүйесінің көмегімен алынған жазбалар әдетте, тиісті жазбаның нақты мақсатын ескере отырып, бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі мерзім ішінде сақталады.

  • нарықты зерделеу

Егер сіз біздің дерекқорымызда тіркелмей, ал біз нарықты немесе сіздің қалауыңызды түсігу үшін сіз туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты пайдалансақ, нарықты зерттеудегі нақты тапсырманы орындау үшін сіз туралы ақпаратты қысқа уақыт мерзіміне сақтап қоямыз.

  • сатып алу әрекеттеріне және кепілдікке қатысты ақпарат

Сіз тауар сатып алған жағдайда, біз осыған қатысты деректерді мұндай сауда-саттықты аяқтау және кез келген құқықтық міндеттемелерді орындау (мысалы, салық төлеу және бухгалтерлік есепті жүргізу мақсаттарында) үшін талап етілетін мерзім ішінде сақтаймыз. Сіз «PMI» компаниялар тобының өніміне қатысты кепілдік алу үшін тіркелген жағдайда да, біз осыған қатысты деректерді мұндай кепілдік мерзімі аяқталғанша сақтаймыз.

  • клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты ақпарат
Тұтынушыларды қолдау қызметіне жүгінсеңіз, біз осы мәселе бойынша жазба (сіздің қояған сұрағыңыз бен біздің берген жауабымыз туралы толық ақпаратты қосқанда) жасап, ол арамыздағы қарым-қатынастарымызға қатысты әлі де өзекті болып қала берсе, мысалы, сандық байланыс нүктесін қалай пайдалану керектігі туралы кеңес беру үшін немесе сіздің соңғы сауалдарыңыз ұқсас болса, біз осы ақпаратты сақтай тұрамыз. Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты дайындалған өзге де жазбалар (мысалы, сіз бізден сауда нүктесінің мекенжайын сұрау үшін бізге телефон арқылы қоңырау шалған кезде автоматты түрде дайындалған жазба) бұдан тұрақты жазбалар дайындалғанға дейін ғана қолданылады және тек уақытша сақталады.
  • жүйелі бақылау журналдарындағы деректер
Жүйелі бақылау журналдарындағы деректер әдетте тек бірнеше ай бойы сақталады.
  • бизнес-талдау деректері
Бизнес-талдау деректері әдетте, сіз «PMI» тобының байланыс нүктелерін қолданған кезде автоматты түрде сақталады және бұдан кейін дереу жасырылған/кіріктірілген деректерге айналдырылады.

Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?

Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпаратқа қатысты сіз үшін келесі құқықтардың кейбірі немесе барлығы қамтамасыз етілген:

  • бізден сізге мұндай ақпараттқа қол жеткізу мүмкіндігін беруді сұрау;
  • бізден қандай да бір ақпараттың түзетілуін, жаңартылуын немесе жойылуын сұрау;
  • бізден белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің шектелген түрде қолдануымызды сұрау;
  • белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің тарапымыздан қолданылуына қарсылық білдіру;
  • біздің мұндай ақпаратты қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою;
  • белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттың басқа тұлғаларға берілуінен бас тарту;
  • біздің мұндай ақпаратты тікелей маркетинг мақсаттарында қолдануымыздан бас тарту; сондай-ақ
  • өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру (егер біздің тарапымыздан жоғарыда көрсетілген әрекеттердің қандай да бірі орындалмаған болса).

Біз сізге аталған құқықтарды жүзеге асырудың оңай жолдарын ұсынамыз, мәселен оларды «хат алудан бас тарту» сілтемелерін немесе сізге берілген біздің тобымызбен байналыс орнату мекенжайларын, сіздің тарапыңыздан қабылданатын хаттарды немесе осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфында көрсетілген байланыс деректерін қолдану арқылы жүзеге асыруыңызға болады.

Біз ұсынатын кейбір мобильді қосымша бағдарламаларда сізге, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы push-хаттар да жіберілуі мүмкін. Сіз өз телефоныңыздағы немесе қосымша бағдарламадағы баптаулардың көмегімен мұндай хаттарды алудан бас тарта аласыз.


Сізге берілетін құқықтардың көлемі сіздің еліңіздің заңдарына байланысты болады. Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақ шегінде орналасқан болсаңыз, сізге төмендегі кестеде көрсетілген құқықтар беріледі. Егер басқа жерде орналасқан болсаңыз, осыған қатысты толығырақ ақпарат алу үшін бізге хабарласа аласыз (осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфын қараңыз).

Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпаратқа қатысты берілетін жекелеген құқықтар
Егжей-тегжейлі деректер (ескертпе: осы құқықтардың барлығына қатысты бірқатар заңи шектеулер қойылады)
  • бізден сізге тиісті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беруді сұрау

Осы арқылы:

  • біздің сіз туралы ақпаратты өңдей алатындығымыз немесе өңдей алмайтындығымыз;
  • біздің атауымыз және байланыс деректеріміз;
  • ақпаратты өңдеу мақсаты;
  • тиісті ақпараттың санаттары;
  • біз тиісті ақпаратты бөлісетін тұлғалардың санаттары, сондай-ақ, егер қандай да бір тұлға ЕЭА шегінен тыс орналасқан болса және Еуропалық комиссияның Сәйкестік туралы шешімі негізінде берілетін артықшылықтарды ала алмаса, ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті кепілдіктер;
  • егер біз сізден тиісті ақпаратты алмаған болсақ, мұндай ақпаратты алуға болатын басқа да дереккөздер (бізде мұндай дереккөздер бар болса);
  • (сізге арнайы хабарланатын, біздің тарапымыздан жүзеге асырылатын әрекеттер шеңберінде) сіз үшін заңды салдары бар немесе сізге осыған ұқсас тәртіпте елеулі түрде әсерін тигізетін қандай да бір шешімдерді автоматты түрде қабылдау, соның ішінде белгілі бір тұлға үшін жеке профиль құру мүмкіндігінің болуы, жұмыс барысында басшылыққа алынған логика туралы ақпарат, сондай-ақ сізге қатысты ақпараттың мұндай тәртіпте өңделуінің сіз үшін маңыздылығы және болжалды салдары; және
  • біздің тарапымыздан тиісті ақпаратты сақтау көзделетін уақыт кезеңін анықтау критерийлері.

Сіздің сұрауыңыз бойынша біз сізге біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпараттың үзінді көшірмесін береміз (бұл өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына әсер етпейтін болса).

  • бізден қандай да бір ақпараттың түзетілуін немесе жаңартылуын сұрау

Бұл құқық бізде бар ақпарат дәл емес немесе толық емес болған жағдайда қолданылады.

  • бізден қандай да бір ақпараттың жойылуын сұрау

Бұл құқық мына жағдайларда қолданылады:

  • бізде бар ақпарат мұндай ақпараттың қолданылуына негіз болған мақсаттар үшін бұдан әрі қажет емес болса;
  • біз сізге қатысты ақпаратты сіздің келісіміңіз негізінде қолданатындықтан, сіздің мұндай келісім беруден тас тартуыңыз жағдайында (бұл жағдайда, егер сіз бізге өзіңізге қатысты ақпараттың барлығын жоюды қалайтындығыңыз туралы хабарламаған болсаңыз, біз сізбен бұл туралы қайтадан байланысудың қажеттігі жоқ деп түсінеміз және мұндай жағдайда біз сіздің қалауыңызға құрметпен қараймыз);
  • біз сізге қатысты ақпаратты заңды мүдделер негізінде қолданатындықтан, сіз бұған наразылық танытатын жағдайда, біз мұндай ақпаратты одан әрі қолдануға аса мүдделі емеспіз деп шешетін болсақ;
  • тиісті ақпарат заңсыз алынған немесе қолданылған болса; әлде

заңды міндеттемелерді орындау қажет болса.

  • бізден сіз туралы ақпаратты өңдеуге шектеу қоюды сұрау

Бұл құқық біздің тарапымыздан сіздің келесі жағдайларға байланысты туындаған ісіңізді қарау кезінде уақытша қолданылады:

  • егер сіз біздің тарапымыздан қолданылатын ақпараттың дәлдігіне күмән келтіретін болсаңыз; немесе
  • заңды мүдделерді негізге ала отырып, біздің сізге қатысты ақпаратты қолдануымызға қарсы болсаңыз

    (егер сіз осы жағдайларда өзіңіздің құқықтарыңызды қолданатын болсаңыз, біз сізге қатысты мұндай ақпаратты қайтадан қолданар алдында сізге бұл туралы ескертеміз).

    Бұл құқық келесі жағдайларда да қолданылады:

  • біздің сізге қатысты ақпаратты қолдануымыз заңсыз болса және сіз олардың жойылуына қарсы болсаңыз; немесе

бізге мұндай ақпарат бұдан әрі қажет болмаса, алайда сіз оларды қандай да бір сот ісін жүргізу үшін талап етсеңіз.

  • сіз туралы ақпараттың біздің тарапымыздан өңделуіне қарсылық білдіру

Сіз осы жағдайға қатысты келесі екі құқық түрін қолдана аласыз:

  • егер біз сізге қатысты ақпаратты тікелей маркетинг үшін қолданатын болсақ: сіз бұдан бас тарта (себебін түсіндірместен) аласыз, бұдан кейін біз сіздің сұрауыңызды қанағаттандырамыз; сондай-ақ
  • егер біз сізге қатысты ақпаратты тікелей маркетинг мақсаттарынан өзге мақсаттарда, заңды мүдделерді негізге ала отырып қолданатын болсақ, сіз өзіңіздің нақты жағдайдағы пікіріңізді түсіндіру арқылы біздің мұндай ақпаратты осы мақсаттарда пайдалануымызға қарсылық білдіре аласыз, бұдан кейін біз сіздің наразылығыңызды қарастырамыз.

 

  • біздің сізге қатысты ақпаратты қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою

Бұл құқық сізге қатысты ақпаратты қолданудың құқықтық негізі сіздің осыған қатысты келісіміңіз болып табылған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайлар тиісті мәселенің барысына қарай айқындалады.

  • бізден сізге қатысты ақпаратты беру (тасымалдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрау

Егер:

  • сіз бізге қандай да бір ақпаратты берсеңіз; ал
  • біз мұндай ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарының көмегімен және сіздің келісіміңіз негізінде немесе біздің сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерді орындауымыз қажет екендігін негізге ала отырып қолданатын болсақ,

онда сіздің бізден жалпылай қабылданған форматтағы деректерді алуға және біз үшін техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда, мұндай деректерді басқа тұлғаға беруді талап етуге құқығыңыз бар.

  • өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру

Еуропалық экономикалық аймақта орналасқан әрбір елде осы мақсат үшін бір немесе бірнеше мемлекеттік орган болуы тиіс.

Мұндай органдардың байланыс деректерін мына сілтеме бойынша таба аласыз:

http://ec.europa.eu/justice/data-protection/bodies/authorities/index_en.htm

Еуропалық экономикалық аймақ шегінен тыс орналасқан елдердегі мұндай органдар туралы мәліметтер алу үшін өз еліңіздегі билік органдарының веб-сайттарына кіруіңізді сұраймыз.

Жекелеген елдерде қарастырылған қосымша құқықтар

Сіздің қай елдің аумағында екендігіңізге байланысты сізге бұдан өзге де бірқатар құқықтар берілуі мүмкін.

  • Егер сіз Францияның аумағында болсаңыз, бізге сіз қайтыс болғаннан жағдайда біздің қолымыздағы ақпаратпен не істеу керектігі туралы нұсқаулар (мәселен, бізге оларды сақтау немесе жою керек пе, сондай-ақ оларды өзге тұлғалар көруге құқылы ма) беруге құқылысыз. Сіз:
  1. Франциядағы Деректердің қорғалуын қадағалау органында («CNIL» деп аталады) тіркелген Сандық қызметтерді көрсетуші тұлғаға осыған қатысты жалпы нұсқауларды бере аласыз (мұндай нұсқаулықтар сізге қатысты ақпаратты кез келген тәртіпте қолдану жағдайына қатысты болып табылады); немесе
  2. бізге сіз туралы ақпараттың тек біздің тарапымыздан қолданылуына қатысты нақты нұсқаулар бере аласыз.

Сіздің нұсқауларыңыз бойынша бізден сізге қатысты ақпаратты үшінші тұлғаға беру талап етілуі мүмкін (алайда мұндай ақпаратта өзге тұлғаларға қатысты деректер қамтылған жағдайда, біз олардың да Құпиялылыққа қатысты құқықтарын да құрметтеуге міндетті болғандықтан, сіз қалдырған хаттағы нұсқаулықтарды басшылыққа ала алмаймыз). Сіз мұндай нұсқауларыңыздың орындалуына жауапты болатын үшінші тұлғаны тағайындай аласыз. Егер сіз мұндай тәртіпте үшінші тұлғаны тағайындамаған жағдайда, сіздің құқықтық мұрагерлеріңіз сіз қайтыс болғаннан кейін сіз туралы ақпаратқа қатысты сіздің құқықтарыңызды қолдануға құқылы (егер сіз өз нұсқауларыңызда басқаша көрсетпеген болсаңыз), бұл:

  1. сіздің мүлкіңізді басқару үшін (бұл жағдайда сіздің құқықтық мұрагерлеріңіз сіздің мүлкіңізді басқаруға пайдасы тиюі мүмкін ақпаратты сәйкестендіру және алу мақсатында сіз туралы ақпаратты, соның ішінде жалпы отбасыға тиесілі деп есептелуі мүмкін және сіздің құқықтық мұрагерлеріңізге берілуі тиіс кез келген ортақ сандық тауарларды немесе деректерді қолдана алады); сондай-ақ
  2. сіз туралы ақпаратты қолданушы тараптардың сіздің қайтыс болуыңызға байланысты әрекеттерді (мысалы, сіздің тіркеу жазбаңызды жабу және сізге қатысты ақпараттың қолданылуын немесе жаңартылуын шектеу) орындауын қамтамасыз ету үшін қажет.

Сіз кез келген уақытта өзіңіздің нұсқауларыңызды өзгерте немесе олардың күшін жоя аласыз. Сіз қайтыс болған жағдайда сіз туралы ақпаратты өңдеу жөніндегі егжей-тегжейлі ақпаратты 1978 жылдың 6 қаңтарында қабылданған 78-17 нөмірлі Заңның 40-1 бабынан қараңыз. Сіз қайтыс болған уақыт сіздің өз тіркеу жазбаңызды бұдан әрі қолдануды тоқтатқандығыңызды білдіреді және мұндайда біз топ шеңберінде басшылыққа алынатын «Ақпаратты сақтау саясатына» сәйкес сізге қатысты ақпаратты жоямыз (толығырақ ақпарат алу үшін «Сізге қатысты ақпарат қандай мерзімге сақталады?» параграфын қараңыз).

Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаған болса немесе қандай да бір құқықтарыңызды қолдануды қаласаңыз, «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасының және Деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің (қарастырылған болса) байланыс деректерін мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сондай-ақ, байланыс деректері сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы тарапынан жіберілетін қатынас хаттарының кез келгенінде көрсетіледі.

Егер сіз орналасқан елде деректерді қорғауға маманданған орган болса, сіздің оларға кез келген сұрақ немесе мәселе бойынша хабарласуға құқығыңыз бар. Егер «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасы сізде туындаған сұрақтарды немесе мәселелерді шеше алмаса,

Осы хабарламаға өзгерістер енгізу

Осы хабарлама (және кез келген қосымша Құпиялылық туралы хабарлама) біздің тарапымыздан әлсін-әлсін жаңартылуы мүмкін. Жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз сізге мұндай өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.

Өзгерістер соңғы рет 2018 жылдың 27 наурыз күні енгізілген. Осы хабарламаның алдыңғы нұсқаларын мына сілтеме  арқылы таба аласыз.