Біз кімбіз?
Біз «Philip Morris International» тобының мүшесіміз. Бізге қатысты деректер (атау, мекенжай және т.б.) біздің сіз туралы ақпараттар жинауымыз кезінде сізге жекелеген тәртіпте (кейде растау үшін), мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы хабарлама немесе электронды хат түрінде ұсынылады және оларда мұндай хабарламаның тиісті сілтемесі көрсетіледі.
Біз сізге қатысты ақпараттарды қалай жинаймыз?
Біз сізге қатысты ақпараттарды әртүрлі тәсілдердің көмегімен жинауымыз мүмкін.
- Сіз бізге тиісті ақпараттарды тікелей (мысалы, тіркеу жазбасын, үміткердің профилін құру, жұмысқа қабылдауға, бетпе-бет тілдесуге өтінім беру кезінде, тест тапсырмаларын орындау/бағалау аяқталған кезде, электронды хат жолдау немесе бізге қоңырау шалу кезінде) ұсына аласыз.
- Біз тиісті ақпараттарды автоматты түрде (мысалы, «PMI» компаниялар тобының қосымша бағдарламасын немесе веб-сайтын қолдану кезінде) жинауымыз мүмкін.
- Біз тиісті ақпараттарды үшінші тұлғалардан (мысалы, кадрлық агенттіктерден, анықтамалық қызметтерді ұсынушы тұлғалардан, (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) анықтамалық сипаттағы мәліметтерді ұсынушы тұлғалардан және компанияның веб-сайты, интернеттегі іздеу парақшалары немесе LinkedIn сияқты әлеуметтік желілердің платформалары түріндегі жалпыға қолжетімді дереккөздерден) алуымыз мүмкін.
Осы хабарламада біз сіздің бізбен «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері» ретінде байланыс орнатуыңызға көмектесетін барлық әдістерді қолданамыз. «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелеріне физикалық құралдар (мысалы, кеңселер, сауда нүктелері және іс-шаралар), сондай-ақ сандық құралдар (мысалы, қосымша бағдарламалар мен веб-сайттар) кіреді.
Сіз туралы қандай ақпараттарды жинаймыз?
Біз сізге қатысты келесідей ақпараттарды жинауымыз мүмкін:
- сіз бен біздің арамыздағы қатынастарымызды басқаруға және жүйелендіруге, сондай-ақ ортақ бизнесті жүргізуге, соның ішінде біздің заңи және нормативтік міндеттемелерімізді орындауға (мысалы, сіздің жеке басыңызға қатысты деректерді, жұмыс істеу құқығыңызды, өтінімде көрсетілген деректерді және жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, анықтамалық сипаттағы мәліметтер негізінде сіздің жұмысқа жарамды екендігіңізді растауға) қажетті ақпараттар
- сіздің тарапыңыздан үміткердің профилінде, жұмысқа қабылдау туралы өтінімде, тиісті үлгілер мен сауалнамаларда көрсетілген және бізге ұсынылған ақпараттар
- сіздің тиісті жұмысты атқаруға жарамдылығыңызды бағалауға, қысқа тізімге енгізуге және үміткерлерді таңдауға қажетті ақпараттар
- біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпараттар
- талап етілген жағдайда, сізге жұмыс ұсынуға және сізбен сауалнама жүргізуге қажетті ақпараттар (мысалы, ұсыныс тастау, еңбек шартын құрастыру, артықшылықтар туралы ақпараттар беру және жүйелерге кіру құқығын қамтамасыз ету үшін сұралатын ақпараттар)
- біздің компаниядағы кадрларды іріктеу тетігін бақылау мақсатында жиналған ақпараттар
- сіз бізге қоңырау шалу кезінде берген немесе электронды пошта арқылы жіберген хаттарда көрсетілген ақпараттар
- қалауыңыз, мүдделеріңіз және мансап жолындағы талпыныстарыңыз туралы ақпараттар
- бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шаралары аясында жиналған ақпараттар
Біз сізге қатысты ақпараттарды қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негіздемеге сүйене отырып қолданамыз?
Бұл бөлімде біз жеке ақпараттарды қолдану көзделетін мақсаттарды сипаттаймыз. Алайда, бұл хабарлама жалпылай сипатта болғандықтан, тиісті елдің заңнамасында осы хабарламада сипатталған белгілі бір әрекеттерге шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайда, біз аталған елде сізге қатысты ақпараттарды осы мақсаттар үшін қолданбаймыз.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, біз сізге қатысты ақпараттарды келесі мақсаттарда қолданамыз:
- белгілі бір тұлғаның жеке басын, тиісті жұмысты атқаруға жарамдылығын және жұмыс істеу құқығын қуәландыру
- тұлғаның жұмыс өтілін, біліктілігін, тәжірибесі мен анықтамалық құжаттарын тексеру
- жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, үміткерлерді сынау және анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеру
- кадрларды іріктеу және жалдау, соның ішінде бетпе-бет тілдесу, бағалау және үміткердің психологиялық портретін құрастыру, қысқа тізімге енгізу, жұмыс пен жеңілдіктер ұсыну (қажеттілік жағдайында)
- іскерлік әкімшіліктендіру, соның ішінде есеп жазбасын жүргізу міндеттемелерін орындау
- қажеттілік жағдайында, жұмыстар басталғанға дейін әкімшіліктендіру және басқару, соның ішінде шарттық және шарттан тыс құжаттарды дайындау, сондай-ақ тиісті жүйелерді қалпына келтіру және ғимараттарға кіру құқығын қамтамасыз ету
- кадрларды іріктеу тетігін бақылау
Біздің тарапымыздан сізге қатысты ақпараттарды қолдану негізі ретінде келесі негіздердің бірі қолданылады (аталған негіздер «толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі):
- бізге жүктелетін заңды міндеттемелерді тиісті түрде орындау
- сіздің тарапыңыздан сұралған әрекеттерді шарт жасасқанға дейін орындау
- сіздің өзіңізге қатысты тиісті ақпараттарды қорғауыңыз үшін талап етілетін мүдделерге қайшы келмейтін заңды бизнестік мүдделер
- жоғарыда көрсетілген негіздердің бірде бірі қолданылмаған жағдайда, сізге қатысты ақпараттарды қолдану үшін сіздің келісіміңіз қажет (біз ақпараттарды өңдеместен бұрын сізден мұндай келісім беретіндігіңізді сұраймыз)
Біздің тарапымыздан қандай да бір автоматты түрдегі шешімдер қабылданады ма?
Біз осы хабарламада қарастырылған кез келген мәселе бойынша автоматты түрдегі шешімдер (мысалы, бетпе-бет жүздесуге шақырылатындардың тізіміне кімді енгізетіндігіміз туралы) қабылдауымыз мүмкін. Бұл жағдайда, біз сізге мұндай шешім туралы, оны қабылдау логикасы туралы, сондай-ақ сізге қатысты ақпараттарды мұндай тәртіпте қолданудың сіз үшін маңыздылығы мен болжалды салдарлары туралы хабарлаймыз.
Біз сізге қатысты ақпараттарды кіммен және қандай мақсаттар үшін бөлісеміз?
Біз сізге қатысты ақпараттарды келесі тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін:
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары;
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалар (мысалы, кадрлық агенттіктер, анықтамалық сипаттағы мәліметтерді ұсынушы тұлғалар және үміткерлерді онлайн түрде бағалау қызметтерін ұсынушы тұлғалар); сондай-ақ
- жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген жағдайда, басқа да үшінші тұлғалар (мысалы, қадағалау органдары; үкіметтік ұйымдар; бұрынғы, ықтимал немесе келешек жұмыс берушілер; сондай-ақ ұйымдастырушылық қайта құрылымдау мақсаттары үшін жұмылдырылатын тұлғалар).
Сізге қатысты ақпараттар қай жерлерге жіберілуі мүмкін?
Кез келген көпұлтты ұйымдағыдай, «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары ақпараттарды бүкіл әлем бойынша таратады. Сіз тиісті ақпараттарды жұмыс іздеу платформасына жүктеген кезде, оларды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының барлығына қолжетімді болады, бұл ретте олардың әрқайсысы мұндай ақпараттарды өздерінің жеке кадрлық мақсаттарын ескере отырып өңдей алады. Сіз «PMI» компаниялар тобының нақты филиалы көрсетілген Жұмысқа алу өтініміне жауап берген жағдайда да осы шарт қолданылады. Тиісінше, сізге қатысты ақпараттар бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпараттар Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттардың оның шегінен тыс та берілуі мүмкін екендігін білдіреді).
Біз сізге қатысты ақпараттарды қалай қорғаймыз?
Біз жеке ақпараттарды қорғау үшін олардың рұқсатсыз жариялануын, пайдаланылуын, өзгертілуін немесе жойылуын болдырмауға бағытталған тиісті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қажеттілік жағдайында, біз сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін кодтау әрекеттерін және басқа да технологияларды қолданамыз. Сондай-ақ біз бізге қызметтерін ұсынушы тұлғалардан деректердің құпиялығынына және қауіпсіздігіне қатысты қатаң талаптарды сақтауларын талап етеміз.
Сізге қатысты ақпараттар қандай мерзімге сақталады?
Біз сізге қатысты ақпараттарды мұндай ақпараттардың жиналуына негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті кезең ішінде сақтаймыз. Бұдан кейін мұндай ақпараттар жойылады. Кезеңнің ұзақтығы тиісті ақпараттардың жиналуына негіз болған мақсаттарға тәуелді. Кейбір жағдайда сіз бізден тиісті ақпараттардың жойылуын сұрауға құқылы екендігіңізді есіңізде ұстаңыз. Сонымен қатар, бізге кейбір жағдайда заң бойынша, мәселен, салық салу және есеп жүргізу мақсаттарында тиісті ақпараттарды сақтау міндеті жүктеледі.
Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?
Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпараттарға қатысты сіз үшін келесідей құқықтардың кейбірі немесе барлығы қамтамасыз етілген:
- бізден сізге мұндай ақпараттарға қатынау мүмкіндігін беруді сұрау;
- бізден қандай да бір ақпараттардың түзетілуін, жаңартылуын немесе жойылуын сұрау;
- бізден белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттарды біздің шектелген түрде қолдануымызды сұрау;
- белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттарды біздің тарапымыздан қолданылуына қарсылық білдіру;
- біздің мұндай ақпараттарды қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою;
- белгілі бір жағдайларда бізден мұндай ақпараттарды беру (тасымалдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрау;
- біздің мұндай ақпараттарды тікелей маркетинг мақсаттарында қолдануымыздан бас тарту; сондай-ақ
- өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру (егер біздің тарапымыздан жоғарыда көрсетілген әрекеттердің қандай да бірі орындалмаған болса).
Біз сізге аталған құқықтарды жүзеге асырудың оңай жолдарын ұсынамыз, бұл ретте, мәселен «хат алудан бас тарту» сілтемелерін пайдалануыңызға, әлде people.culture@pmi.com электронды поштасы арқылы немесе осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфында көрсетілген байланыс деректерін қолдану арқылы бізге хабарласуыңызға болады.
Жекелеген елдерде қарастырылған қосымша құқықтар
Сіздің қай елдің аумағында екендігіңізге байланысты сізге бұдан өзге де бірқатар құқықтар берілуі мүмкін.
Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаған болса немесе қандай да бір құқықтарыңызды қолдануды қаласаңыз, бізбен people.culture@pmi.com арқылы хабарласуыңызға болады, немесе «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасының және деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің (қарастырылған болса) байланыс деректерін мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сондай-ақ байланыс деректері сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы тарапынан жіберілетін қатынас хаттарының кез келгенінде көрсетіледі.
Егер сіз орналасқан елде деректерді қорғауға маманданған орган болса, сіз оларға кез келген сұрақ немесе мәселе бойынша хабарласуға құқылысыз. Егер «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасы сізде туындаған сұрақтарды немесе мәселелерді шеше алмаса, сіз сондай-ақ ұлттық сот жанындағы соттық қорғаныс құралдарына жүгінуге құқылысыз.
Осы хабарламаға өзгерістер енгізу
Осы хабарлама (және кез келген қосымша Құпиялылық туралы хабарлама) біздің тарапымыздан әлсін-әлсін жаңартылуы мүмкін. Жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз сізге мұндай өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.
Соңғы рет 2018 жылдың 14 мамыры өзгерістер енгізілген.