Біз кімбіз?
Біз «Philip Morris International» компаниялар тобының мүшесіміз. Бізге қатысты деректер (атауы, мекенжайы және т.б.) біздің сіз туралы ақпарат жинауымыз кезінде сізге жекелеген тәртіпте (кейде растау үшін), мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы хабарлама немесе электронды хат түрінде (мұндай хабарламаның тиісті сілтемесін көрсету арқылы), не болмаса біздің арамызда жасалған шартта ұсынылады.
Біз сіз туралы ақпаратты қалай жинаймыз?
Біз сізге қатысты ақпаратты әртүрлі тәсілдердің көмегімен жинай аламыз.
- Сіз бізге ақпаратты тікелей (мысалы, шарт жасасқан, үлгіні толтырған немесе бізге қоңырау шалған кезде) ұсына аласыз.
- Біз тиісті ақпаратты автоматты түрде (мысалы, «PMI» компаниялар тобының қосымша бағдарламасын немесе веб-сайтын қолдану кезінде) жинай аламыз.
- Біз тиісті ақпаратты үшінші тұлғалардан (мысалы, LinkedIn, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілердің платформалары түріндегі жалпыға қолжетімді дереккөздерден ала аламыз.
Осы хабарламада біз сіздің бізбен «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері» ретінде байланыс орнатуыңызға көмектесетін барлық әдістерді қолданамыз. «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелеріне физикалық құралдар (мысалы, «PMI» компаниялар тобының кеңселері, сауда нүктелері және іс-шаралар), сондай-ақ сандық құралдар (мысалы, электронды пошта арқылы жіберілетін хаттар мен веб-сайттар) кіреді.
Сіз туралы қандай ақпаратты жинаймыз?
Біз сіз туралы келесі ақпаратты жинай аламыз:
- біздің сізбен, сіздің жұмыс берушіңізбен немесе өкіліңізбен арадағы қарым-қатынасты басқаруға және жүйелендіруге қажетті ақпарат
- сауда-саттық мақсаттарына немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер беруге (мысалы, тапсырыстарды орындау үшін) қажетті ақпарат
- «PMI» компаниялар тобының өнімдерін немесе қызметтерін қолдап отыруға, не болмаса кепілдікті қызмет көрсетуге қажетті ақпарат
- біздің тұтынушыларымызға, «PMI» компаниялар тобының өнімдеріне немесе бізге қатысты қандай қызмет түрлерін көрсететіндігіңізге (мысалы, біздің компанияның дерекқорларына тұтынушы туралы ақпаратты енгізу, кепілдікті қызмет көрсету, «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен сату орындарындағы жарнамалық материалдарды шығару және т.б.) қатысты ақпарат
- шарттарда, үлгілерде немесе сауалнамаларда немесе сандық байланыс нүктелерінде сіздің тарапыңыздан берілетін ақпарат
- біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпарат
- call-центрге хабарласқан кезде шарттарда (мысалы, қоңырау шалу, электронды хаттар және т.б.) сіздің тарапыңыздан берілетін ақпарат
- сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат
- сіздің жасыңызды анықтауға, жеке басыңызды және жұмыс берушіңіздің атынан әрекет ету құқығыңызды (қажеттілік жағдайында) куәландыруға қажетті ақпарат
Біз сіз туралы ақпаратты қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негіздемеге сүйене отырып қолданамыз?
Бұл бөлімде біз жеке ақпаратты қолдану көзделетін мақсаттарды сипаттаймыз. Алайда, бұл хабарлама жалпылай сипатта болғандықтан, тиісті елдің заңнамасында осы хабарламада сипатталған белгілі бір әрекеттерге шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайда, біз аталған елде сізге қатысты ақпаратты осы мақсаттар үшін қолданбаймыз.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, біз сізге қатысты ақпаратты келесі мақсаттарда қолданамыз:
- Сіздің жасыңызды анықтау және жеке басыңызды және бөлек сауда сатушы статусыңызды куәландыру, «Сізге қызметтерін көрсететін жеткізуші туралы не білесіз?» тексерістерін жүргізу және біздің сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен арамыздағы шарттық қатынастарды басқару сияқты нормативтік міндеттемелерді жүзеге асыру үшін
- Нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету, мысалы, сізге қатысты жазбаларды қандай да бір болжалды даулар туындаған кезде біздің заңгерлерден немесе өзге де кеңесшілерден кеңестер алу мақсатында сақтап қою және қолдану үшін
- Біздің өнімдерімізді сізге сату, соның ішінде сіздің тапсырыстарыңызды орындау, сіздің төлемдеріңізді өңдеу үшін
- Сізге сауда айналымына қатысты қызметтерді ұсыну, соның ішінде сіздің сауалдарыңызға жауап беру және талаптарыңызды қанағаттандыру, сондай-ақ, кепілдікті қызмет көрсету үшін
- Сізге қандай да бір жаңарту әрекеттері, жарнамалық науқандар, іс-шаралар туралы хабарлау және біздің қарым-қатынасымызға қатысты аспектілерді басқару, соның ішінде бейілділік бағдарламаларын реттеу, ересек тұтынушыларға өз жазбаларымен (заңмен рұқсат етілген жағдайларда) және бейілділік бағдарламасымен көмектесу, өнімдерді жетілдіру, нарықты зерделеу, маркетингтік стратегияларды дайындау, маркетингтік кампанияларды басқару және «PMI» компаниялар тобының өнімдері сатылатын дүкендерде және іс-шаралардаы өз тәжірибеңізді қолдану үшін
- Біздің өнімдерімізді ілгері жылжыту үшін, біздің дерекқорымызда ересек тұтынушыларды тіркеу
- Жоғарыда аталған әрекеттердің барлығын қолдап отыру, соның ішінде сіздің немесе жұмыс берушіңіздің тіркеу жазбаларын әкімшіліктендіру, сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызға (бар болған жағдайда) және «PMI» компаниялар тобының өнімдерін сатуыңызға, оларды ілгері жылжыту шараларына қатысуға немесе оларды таратуға мүмкіндік беру, әкімшіліктендіру және ақауларды жою, жалпы жазбаларды жүргізу және біздің тарапымыздан сізге қатынау құқығы берілген кез келген жүйеге кіруіңізді бақылау үшін
- Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шараларын орындау, соның ішінде «PMI» компаниялар тобының өнімдерін, кеңселерін, үдерістерін, дүкендері мен іс-шараларын, сондай-ақ біздің (немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың) тарапымыздан біздің клиенттерге, жеткізушілерге ақпараттың берілу барысын жетілдіру үшін
- Бізге немесе біздің бизнес-серіктестерімізге тиімді жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында сізге маркетингтік шараларға немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдерін ілгері жылжыту шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлау үшін
- Сізге алдын ала хабарланатын немесе тиісті мәселенің барысына қарай айқындалатын, сіз туралы бастапқыда жиналған ақпаратқа қатысы бар өзге де мақсаттар үшін
Біздің тарапымыздан сізге қатысты ақпаратты қолдану негізі ретінде келесі негіздердің бірі қолданылады (аталған негіздер «толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі):
- бізге жүктелетін заңды міндеттемелерді тиісті түрде орындау;
- сіз бір тарабы болып табылатын келісімшартты орындау;
- сіздің өзіңізге қатысты тиісті ақпаратты қорғауыңыз үшін талап етілетін мүдделерге қайшы келмейтін заңды бизнестік мүдделер;
- жоғарыда көрсетілген негіздердің бірде бірі қолданылмаған жағдайда, сізге қатысты ақпаратты қолдану үшін сіздің келісіміңіз қажет (біз ақпаратты өңдеместен бұрын сізден мұндай келісім беретіндігіңізді сұраймыз).
Біз сіз туралы ақпаратты кіммен және қандай мақсаттар үшін бөлісеміз?
Біз сізге қатысты ақпаратты келесі тұлғалармен бөлісе аламыз:
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары;
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалар (мысалы, кәсіби кеңесшілер, төлем қызметтерін ұсынушы тұлғалар, жеткізу қызметтерін ұсынушы тұлғалар, аудиторлар және ақпараттық қызметтерді ұсынушы тұлғалар);
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының жан-жақты іріктелген іскерлік серіктестері мен жарнама берушілері (біздің өнімдермен байланысқан салаларда маманданған, не болмаса мұндай үлестес тұлғалардың стилі мен беделіне сәйкес келетін тұлғалар), бұл ретте мұндай тұлғалармен ақпаратты бөлісу олардың сіздің қалауыңызды ескере отырып, олардың пікірінше сізді қызықтыруы мүмкін қандай да бір ұсыныстармен, соның ішінде сауда бағдарламаларымен, оқу материалдарымен және оқыру курстарымен сізге жүгіне алуы үшін қажет; сондай-ақ
- жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген болса, басқа да үшінші тұлғалар (мысалы, қадағалау органдары; үкіметтік ұйымдар және кәсіби кеңесшілер).
Сіз туралы ақпарат қай жерлерге жіберілуі мүмкін?
Кез келген көпұлтты ұйымдағыдай, «PMI» тобының үлестес тұлғалары ақпаратты бүкіл әлем бойынша таратады. Тиісінше, сізге қатысты ақпарат бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпарат Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттың оның шегінен тыс та берілуі мүмкін екендігін білдіреді).
Біз сіз туралы ақпаратты қалай қорғаймыз?
Біз жеке ақпаратты қорғау үшін олардың рұқсатсыз жариялануын, пайдаланылуын, өзгертілуін немесе жойылуын болдырмауға бағытталған тиісті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қажеттілік жағдайында, біз сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін кодтау әрекеттерін және басқа да технологияларды қолданамыз. Сондай-ақ біз бізге қызметтерін ұсынушы тұлғалардан деректердің құпиялығынына және қауіпсіздігіне қатысты қатаң талаптарды сақтауларын талап етеміз.
Сіз туралы ақпарат қандай мерзімге сақталады?
Біз сіз туралы ақпаратты мұндай ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті кезең ішінде сақтаймыз. Бұдан кейін мұндай ақпарат жойылады. Кезеңнің ұзақтығы тиісті ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарға тәуелді. Кейбір жағдайда сіз бізден тиісті ақпараттың жойылуын сұрауға құқылы екендігіңізді есіңізде ұстаңыз. Сонымен қатар, бізге кейбір жағдайда заң бойынша, мәселен, салық салу және есеп жүргізу мақсаттарында тиісті ақпаратты сақтау міндеті жүктеледі.
Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?
Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпаратқа қатысты сіз үшін келесі құқықтардың кейбірі немесе барлығы қамтамасыз етілген:
- бізден сізге мұндай ақпараттқа қол жеткізу мүмкіндігін беруді сұрау;
- бізден қандай да бір ақпараттың түзетілуін, жаңартылуын немесе жойылуын сұрау;
- бізден белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің шектелген түрде қолдануымызды сұрау;
- белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің тарапымыздан қолданылуына қарсылық білдіру;
- біздің мұндай ақпаратты қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою;
- белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттың басқа тұлғаларға берілуінен бас тарту;
- біздің мұндай ақпаратты тікелей маркетинг мақсаттарында қолдануымыздан бас тарту; сондай-ақ
- өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру (егер біздің тарапымыздан жоғарыда көрсетілген әрекеттердің қандай да бірі орындалмаған болса).
Біз сізге аталған құқықтарды жүзеге асырудың оңай жолдарын ұсынамыз, мәселен оларды «хат алудан бас тарту» сілтемелерін немесе сізге берілген біздің тобымызбен байналыс орнату мекенжайларын, сіздің тарапыңыздан қабылданатын хаттарды немесе осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфында көрсетілген байланыс деректерін қолдану арқылы жүзеге асыруыңызға болады.
Біз ұсынатын кейбір мобильді қосымша бағдарламаларда сізге, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы push-хаттар да жіберілуі мүмкін. Сіз өз телефоныңыздағы немесе қосымша бағдарламадағы баптаулардың көмегімен мұндай хаттарды алудан бас тарта аласыз.
Жекелеген елдерде қарастырылған қосымша құқықтар
Сіздің қай елдің аумағында екендігіңізге байланысты сізге бұдан өзге де бірқатар құқықтар берілуі мүмкін.
Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаған болса немесе қандай да бір құқықтарыңызды қолдануды қаласаңыз, «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасының және Деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің (қарастырылған болса) байланыс деректерін мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сондай-ақ, байланыс деректері сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы тарапынан жіберілетін қатынас хаттарының кез келгенінде көрсетіледі.
Егер сіз орналасқан елде деректерді қорғауға маманданған орган болса, сіздің оларға кез келген сұрақ немесе мәселе бойынша хабарласуға құқығыңыз бар. Егер «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасы сізде туындаған сұрақтарды немесе мәселелерді шеше алмаса,
Осы хабарламаға өзгерістер енгізу
Осы хабарлама (және кез келген қосымша Құпиялылық туралы хабарлама) біздің тарапымыздан әлсін-әлсін жаңартылуы мүмкін. Жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз сізге мұндай өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.
Өзгерістер соңғы рет 2018 жылдың 27 наурыз күні енгізілген. Осы хабарламаның алдыңғы нұсқаларын мына сілтеме арқылы таба аласыз.