- Үміткерге

Philip Morris International

«PMI» компаниялар тобының Үміткерге арналған Құпиялылық туралы хабарламасы

Біз құпиялылық мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Осы хабарламада біздің кім екендігімізге және сізге қатысты қандай ақпараттарды жинайтындығымызға және оларды қандай мақсаттарда қолданатындығымызға қатысты мәліметтер беріледі. Қосымша ақпараттар алу үшін әр бөлімдегі «толығырақ ақпараттар алу» батырмасын басыңыз.

Сонымен қатар, біздегі өнімдер жиынтығы және сізге қатысты ақпараттардың қолданылуы туралы біздің тарапымыздан ұсынылатын кез келген қосымша хабарламаларды оқуыңызды сұраймыз. Мұндай хабарламаларда біздің бизнесті қалай жүргізетіндігіміз туралы және біздің тарапымыздан қолданылуы мүмкін қандай да бір шектеулер туралы толығырақ ақпараттар қамтылады.

Біз кімбіз?

Біз «Philip Morris International» тобының мүшесіміз. Бізге қатысты деректер (атау, мекенжай және т.б.) біздің сіз туралы ақпараттар жинауымыз кезінде сізге жекелеген тәртіпте (кейде растау үшін), мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы хабарлама немесе электронды хат түрінде ұсынылады және оларда мұндай хабарламаның тиісті сілтемесі көрсетіледі.

  • PMI: «Philip Morris International», темекі өнімдерін өндіруге маманданған халықаралық жетекші топ. Оның құрамына бірнеше компания немесе «үлестес тұлғалар» кіреді.
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары: «Philip Morris International» компаниялар тобының әрбір мүшесі «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы болып табылады. «Біз» (немесе «бізді», «біздің») сөзі «PMI» компаниялар тобының әрбір үлестес тұлғасына қатысты болып табылады: сіз үміткердің профилін құрған немесе жұмысқа өтінім берген жағдайда, «PMI» компаниялар тобының әрбір үлестес тұлғасына өзіңіз туралы ақпараттарды ұсынасыз, бұл ретте «PMI» компаниялар тобының әрбір үлестес тұлғасы сізге қатысты ақпараттарды өзінің жеке кадрлық мақсаттарын ескере отырып өңдей алады. Сіз «PMI» компаниялар тобының нақты филиалы немесе тиісті ел/аумақ көрсетілген Жұмысқа алу өтініміне жауап берген жағдайда да осы шарт қолданылады.

Біз сізге қатысты ақпараттарды қалай жинаймыз?

Біз сізге қатысты ақпараттарды әртүрлі тәсілдердің көмегімен жинауымыз мүмкін.

  • Сіз бізге тиісті ақпараттарды тікелей (мысалы, тіркеу жазбасын, үміткердің профилін құру, жұмысқа қабылдауға, бетпе-бет тілдесуге өтінім беру кезінде, тест тапсырмаларын орындау/бағалау аяқталған кезде, электронды хат жолдау немесе бізге қоңырау шалу кезінде) ұсына аласыз.
  • Біз тиісті ақпараттарды автоматты түрде (мысалы, «PMI» компаниялар тобының қосымша бағдарламасын немесе веб-сайтын қолдану кезінде) жинауымыз мүмкін.
  • Біз тиісті ақпараттарды үшінші тұлғалардан (мысалы, кадрлық агенттіктерден, анықтамалық қызметтерді ұсынушы тұлғалардан, (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) анықтамалық сипаттағы мәліметтерді ұсынушы тұлғалардан және компанияның веб-сайты, интернеттегі іздеу парақшалары немесе LinkedIn сияқты әлеуметтік желілердің платформалары түріндегі жалпыға қолжетімді дереккөздерден) алуымыз мүмкін.

Осы хабарламада біз сіздің бізбен «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері» ретінде байланыс орнатуыңызға көмектесетін барлық әдістерді қолданамыз. «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелеріне физикалық құралдар (мысалы, кеңселер, сауда нүктелері және іс-шаралар), сондай-ақ сандық құралдар (мысалы, қосымша бағдарламалар мен веб-сайттар) кіреді.

Біз сіздің тарапыңыздан тікелей ұсынылған ақпараттарды жинауымыз мүмкін. Әдетте бұл сіз:

  • біздің компанияның дерекқорларына өзіңіз туралы ақпараттарды енгізу үшін тіркелген кезде (мұны жеке кездесу арқылы, қосымша бағдарлама арқылы немесе тіркеу жазбасы мен үміткердің профилін құру үшін онлайн тәртіпте орындауға болады);
  • бізге жұмысқа қабылдау туралы өтінім берген және осыған қажетті ақпараттарды ұсынған кезде;
  • бетпе-бет тілдесуге қатысқан кезінде;
  • компания тарапынан тестілеуге / бағалауға қатысқан кезде;
  • жұмысқа қабылдауға қажетті ақпараттарды, анықтамалық сипаттағы мәліметтерді және жұмысқа орналасқан кезде бастапқы тренингтер курсынан өтуге қажетті ақпараттарды (қолданылған болса) берген кезде;
  • сандық байланыс нүктесін (мысалы, қосымша бағдарлама немесе веб-сайт арқылы) жүктеген немесе қолданған кезде;
  • бізге «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктесі немесе электронды пошта, әлеуметтік желі немесе телефон арқылы хабарласқан жағдайда;
  • пресс-релиздер, электронды пошта арқылы хабарламалар немесе жұмыстарға қатысты жаңа мәліметтер алу үшін тіркелген кезде;
  • сауалнамаларға немесе (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) конкурстарға немесе акцияларға қатысқан кезде, не болмаса
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде жүзеге асады.

Біз сізге қатысты ақпараттарды автоматты түрде жинауымыз мүмкін. Әдетте бұл сіз:

  • біздің кеңселердің біріне келген кезде (мысалы, бейнежазбалар (жасырын бейнебақылау жүйесінде) және ғимаратқа кіру журналдарында тіркеу арқылы);
  • онлайн түрде қажетті дағдыларды анықтауға қатысқан және қабілеттілік тестілерінен өткен кезде;
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде (мысалы, іс-шарадағы мобильді технологиямен байланыстырылған арнайы сенсорлар арқылы);
  • «PMI» компаниялар тобының жүйелерін немесе «PMI» компаниялар тобына тиесілі ноутбук сияқты құрылғыларды қолданған кезде;
  • бізге хабарласқан жағдайда (мысалы, «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктесі, электронды пошта немесе әлеуметтік желілердің платформалары арқылы);
  • «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолданған кезде (мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы бақылау механизмдері арқылы); не болмаса
  • біз тіркелген әлеуметтік желілердің платформаларында жария пікірлер (мысалы, біздің топтың қоғамның пікірін білуіне мүмкіндік беретін пікірлер) жазған кезде жүзеге асады.

Сондай-ақ біз сізге қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктелерінде қарастырылған cookie-файлдардың және осыған ұқсас бақылау технологияларының көмегімен автоматты түрде жинай аламыз. Нақты жағдайда cookie-файлдардың және осыған ұқсас технологиялардың қайсысының қолданылатындығы тиісті сауал тасталған «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктесіне тәуелді. Тиісті байланыс нүктесінде қолданылатын сookie-файлдар (соның ішінде Google analytics cookie) және осыған ұқсас технологиялар туралы, сондай-ақ сіздің сookie-файлдарды қалай қабылдай немесе олардан бас тарта алатындығыңыз туралы мәліметтер алу үшін тиісті байланыс нүктесінде қолжетімді немесе ол арқылы алуға болатын «Cookie жөніндегі хабарламаны» қарауыңызды сұраймыз.

Жергілікті заңнамамен рұқсат етілген жағдайда, біз сізге қатысты ақпараттарды үшінші түлғалардан алуымыз мүмкін. Мұндай ақпараттарға:

  • кадрлық агенттіктерден алынған ақпараттар;
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары бір-бірімен бөліскен ақпараттар;
  • үшінші тұлғалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынған ақпараттар (мысалы, егер сіз жұмыс платформасына кіру үрдісін жеңілдету мақсатында үшінші тұлғаның Gmail немесе Yahoo! сияқты әлеуметтік желісіндегілердегі аккаунтына тіркелген кезде оған мұндай үшінші тұлғалардың тікелей қатынауына рұқсат берген болсаңыз немесе қосымша бағдарламада толтырылатын ақпараттарды қолмен толтырудың орнына оларды платформаға (мысалы, LinkedIn әлеуметтік желісінен) жүктеуді қаласаңыз; сондай-ақ
  • сіздің үшінші тұлғаның әлеуметтік желілеріндегі (LinkedIn сияқты) жеке профиліңізде көрсетілген жалпыға қолжетімді ақпараттар (жұмыс тәжірибеңіз, дағдыларыңыз бен мүдделеріңіз және т.б.) кіруі мүмкін.

Сондай-ақ біз тиісті уақыт кезеңінде сіздің тарапыңыздан өзге де жолдармен көрсетілген ақпараттарды жинауымыз мүмкін.

Сіз туралы қандай ақпараттарды жинаймыз?

Біз сізге қатысты келесідей ақпараттарды жинауымыз мүмкін:

  • сіз бен біздің арамыздағы қатынастарымызды басқаруға және жүйелендіруге, сондай-ақ ортақ бизнесті жүргізуге, соның ішінде біздің заңи және нормативтік міндеттемелерімізді орындауға (мысалы, сіздің жеке басыңызға қатысты деректерді, жұмыс істеу құқығыңызды, өтінімде көрсетілген деректерді және жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, анықтамалық сипаттағы мәліметтер негізінде сіздің жұмысқа жарамды екендігіңізді растауға) қажетті ақпараттар
  • сіздің тарапыңыздан үміткердің профилінде, жұмысқа қабылдау туралы өтінімде, тиісті үлгілер мен сауалнамаларда көрсетілген және бізге ұсынылған ақпараттар
  • сіздің тиісті жұмысты атқаруға жарамдылығыңызды бағалауға, қысқа тізімге енгізуге және үміткерлерді таңдауға қажетті ақпараттар
  • біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпараттар
  • талап етілген жағдайда, сізге жұмыс ұсынуға және сізбен сауалнама жүргізуге қажетті ақпараттар (мысалы, ұсыныс тастау, еңбек шартын құрастыру, артықшылықтар туралы ақпараттар беру және жүйелерге кіру құқығын қамтамасыз ету үшін сұралатын ақпараттар)
  • біздің компаниядағы кадрларды іріктеу тетігін бақылау мақсатында жиналған ақпараттар
  • сіз бізге қоңырау шалу кезінде берген немесе электронды пошта арқылы жіберген хаттарда көрсетілген ақпараттар
  • қалауыңыз, мүдделеріңіз және мансап жолындағы талпыныстарыңыз туралы ақпараттар
  • бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шаралары аясында жиналған ақпараттар

Біздің тарапымыздан сіздің тікелей жеке қатысуыңызбен алынған ақпараттар сіз мұндай ақпараттарды бізге ұсынған кезде көрсеткендей тәртіпте қолданылады. Мысалы:

  • өтінімді қарау және кадрларды іріктеу үрдісі кезінде сіз өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді, дағдыларыңызды, біліктілік деңгейіңіз бен тәжірибеңізді көрсетесіз;
  • қандай да бір бетпе-бет тілдесу немесе бағалау кезінде сіз сұрақтарға жауап бересіз;
  • біздің компанияның сізге тиісті жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы хабарламалар беруін қамтамасыз ету үшін сіз бізге өзіңіздің мансап жолындағы талпыныстарыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпараттарды бере аласыз; сондай-ақ
  • біз сіздің жеке басыңызға қатысты деректерді және жұмыс істеу құқығыңызды растауға мүмкіндік беретін ақпараттарды, мысалы, сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе фотосуретіңізді жинауымыз мүмкін.

Біздің тарапымыздан автоматты түрде жиналатын ақпараттарда негізінен мыналар қамтылады:

  • біздің кеңселерге келгендігіңіз, бетпе-бет тілдесуге, бағалауға және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы егжей-тегжейлі мәліметтер (мысалы, олардың уақыты мен ұзақтығы);
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолданғандығыңыз туралы егжей-тегжейлі мәліметтер (мысалы, қабылданған өтінімдер / ақпараттар, орындалған әрекеттің уақыты мен ұзақтығы, ізделген ақпараттар); сондай-ақ
  • сіздің құрылғыларыңыз (мысалы, IP-мекенжай немесе басқа да құрылғының әмбебап сәйкестендіргіші, орналасқан жерге қатысты деректер, сіздің құрылғыңызда сақталуы мүмкін кез келген cookie-файлдарға қатысты мәліметтер).

    Біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпараттарда негізінен мынадай жайттар қамтылады:

  • кадрлық агенттіктерден алынған жұмысқа қабылдау өтінімі туралы ақпараттар (кадрлық агенттік арқылы қандай лауазымға, қай жерге жұмысқа орналасуға өтінім білдірдіңіз);
  • сіздің алдыңғы жұмыс берушілеріңізден немесе басқа да анықтамалық қызметтерді ұсынушы тұлғалардан алынған анықтамалар мен жұмыс істегендігіңізді растайтын құжаттар;
  • жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, тиісті лауазымға қатысты анықтамалық сипаттағы мәліметтер (мысалы, жеке куәлікті, мекенжайды тексеру, біліктілік деңгейі мен жұмыс өтілін растау, қандай да бір шектеулердің қойылмағандығын және саяси маңызды тұлғалар тізімінде бар-жоқтығын анықтау деректері және қандай да бір айыптау үкімдеріне қатысты мәліметтер);
  • үшінші тұлғалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынған тиісті тұлғаның жеке логині мен профильіне қатысты ақпараттар (мысалы, егер сіз жұмыс платформасына кіру үрдісін жеңілдету мақсатында үшінші тұлғаныңптың Gmail немесе Yahoo! сияқты әлеуметтік желісіндегілердегі аккаунтына тіркелген кезде оған мұндай үшінші тұлғалардың тікелей қатынауына рұқсат берген болсаңыз немесе қосымша бағдарламада толтырылатын ақпараттарды қолмен толтырудың орнына оларды платформаға (мысалы, LinkedIn әлеуметтік желісінен) жүктеуді қаласаңыз; сондай-ақ
  • профильде көрсетілген жалпыға қолжетімді ақпараттар (мысалы, компанияның веб-сайтынан, интернеттегі іздеу парақшаларынан немесе LinkedIn сияқты әлеуметтік желілердің платформаларынан алынған сіздің лауазымыңыз, дағдыларыңыз, біліктілік деңгейіңіз, тәжірибеңіз бен мүдделеріңіз туралы ақпараттар).

    Біздің тарапымыздан сізге қатысты жиналып, өңделетін ақпараттарға мыналар кіруі мүмкін:

  • аты-жөні
  • құпиясөз
  • мекенжай, соның ішінде тұрғылықты мекенжай мен пошталық мекенжай
  • байланыс деректері, соның ішінде (мұндай деректер сіздің өтініміңіздің бір бөлігі ретінде ұсынылатын болса) жеке электронды пошта мекенжайы және үй телефоны/жеке мобильді телефон нөмірі
  • жынысы
  • ілеспе хат
  • түйіндеме / жұмысқа қабылдау туралы өтінім, соның ішінде жеке және кәсіби ақпараттар
  • тиісті жұмыс туралы қайдан білгендігіңіз жөніндегі мәлімдеме
  • жұмыс істеу құқығы, соның ішінде тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе өзге де ресми құжаттар
  • анықтамалық құжаттар
  • біліктілікті растайтын дипломға қосымшалар мен сертификаттар
  • білімі және жұмыс өтілі
  • орналасуға өтінім берілген жұмыстар
  • ағымдағы, күтілетін және ұсынылатын жұмыс шарттары мен жағдайлары (мысалы, ақы төлеу, жұмыс сағаты, еңбек демалысы, жеңілдіктер)
  • бетпе-бет тілдесуге қатысты мәліметтер және бағалау нәтижелері
  • өтінім беру себебі және нәтижесі
  • сіздің жұмысқа қабылдау туралы өтініміңіздің кері қайтарылу себебі (қолданылған болса)
  • әлеуметтік сақтандыру және халықтан табыс салығын алу туралы деректер
  • салық төлеушінің коды
  • туған күні
  • отбасылық жағдайы және ахуалы
  • банк шотына қатысты ақпараттар (егер сізге жұмыс ұсынылып, оны қабылдайтын болсаңыз)
  • фотосуреттер мен бейнежазбалар
  • жүйені пайдаланушы туралы ақпараттар
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының ақпараттық жүйелерін пайдалануыңызға қатысты автоматты түрде енгізілетін жазбалар
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде бізге ұсынылған ақпараттар
  • біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпараттар

    Сонымен қатар, біз сізге қатысты келесідей ақпараттардың арнайы санаттарын жинап, өңдеуіміз мүмкін:

  • сіздің қандай да бір нәсілге немесе ұлтқа тиістілігіңіз (бұл, мәселен, жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктердің берілуін қадағалау үшін қажет)
  • саяси көзқарасыңыз (мұндай ақпараттармен ерікті түрде бөліскен жағдайда ғана)
  • діни немесе философиялық сенім-нанымыңыз (мысалы, қажетті құралдарды қамтамасыз ету үшін)
  • жыныстық көзқарасыңыз (бұл, мәселен, жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктердің берілуін қадағалау үшін қажет, үміткер мұндай ақпараттармен тек ерікті түрде бөліседі)
  • кәсіподаққа мүше екендігіңіз (мұндай ақпараттармен ерікті түрде бөліскен жағдайда ғана)
  • денсаулығыңызға қатысты деректер, соның ішінде қандай да бір мүгедектіктің болуы туралы деректер (мысалы, қажетті құралдарды қамтамасыз ету үшін)

Біз мұндай деректерді егер сіз олармен бізбен өз еркіңізбен бөліскен, бізде мұндай деректерді өңдеуге қатысты заңды міндеттеме болған және мұны жалдау үрдісі талап еткен жағдайда ғана, қажетті құралдарды қамтамасыз ету мақсатында өңдейміз.

Біз сізге қатысты ақпараттарды қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негіздемеге сүйене отырып қолданамыз?

Бұл бөлімде біз жеке ақпараттарды қолдану көзделетін мақсаттарды сипаттаймыз. Алайда, бұл хабарлама жалпылай сипатта болғандықтан, тиісті елдің заңнамасында осы хабарламада сипатталған белгілі бір әрекеттерге шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайда, біз аталған елде сізге қатысты ақпараттарды осы мақсаттар үшін қолданбаймыз.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, біз сізге қатысты ақпараттарды келесі мақсаттарда қолданамыз:

  • белгілі бір тұлғаның жеке басын, тиісті жұмысты атқаруға жарамдылығын және жұмыс істеу құқығын қуәландыру
  • тұлғаның жұмыс өтілін, біліктілігін, тәжірибесі мен анықтамалық құжаттарын тексеру
  • жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, үміткерлерді сынау және анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеру
  • кадрларды іріктеу және жалдау, соның ішінде бетпе-бет тілдесу, бағалау және үміткердің психологиялық портретін құрастыру, қысқа тізімге енгізу, жұмыс пен жеңілдіктер ұсыну (қажеттілік жағдайында)
  • іскерлік әкімшіліктендіру, соның ішінде есеп жазбасын жүргізу міндеттемелерін орындау
  • қажеттілік жағдайында, жұмыстар басталғанға дейін әкімшіліктендіру және басқару, соның ішінде шарттық және шарттан тыс құжаттарды дайындау, сондай-ақ тиісті жүйелерді қалпына келтіру және ғимараттарға кіру құқығын қамтамасыз ету
  • кадрларды іріктеу тетігін бақылау

Біздің тарапымыздан сізге қатысты ақпараттарды қолдану негізі ретінде келесі негіздердің бірі қолданылады (аталған негіздер «толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі):

  • бізге жүктелетін заңды міндеттемелерді тиісті түрде орындау
  • сіздің тарапыңыздан сұралған әрекеттерді шарт жасасқанға дейін орындау
  • сіздің өзіңізге қатысты тиісті ақпараттарды қорғауыңыз үшін талап етілетін мүдделерге қайшы келмейтін заңды бизнестік мүдделер
  • жоғарыда көрсетілген негіздердің бірде бірі қолданылмаған жағдайда, сізге қатысты ақпараттарды қолдану үшін сіздің келісіміңіз қажет (біз ақпараттарды өңдеместен бұрын сізден мұндай келісім беретіндігіңізді сұраймыз)

Біз төменде көрсетілген тиісті ақпараттарды жинау әдістері мен мұндай ақпараттарды қолданудың құқықтық негізін басшылыққа ала отырып, сізге қатысты ақпараттарды келесі мақсаттарда қолданамыз:

Мақсат
Ақпараттарды жинау әдісі және оларды өңдеудің құқықтық негізі

Нормативтік міндеттемелерді орындау

  • тұлғаның жеке басын және жұмыс істеу құқығын қуәландыру
  • біздің компаниядағы жұмыс күшінің демографиялық құрамын бағалау, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктердің берілуін қадағалау

Әдетте, мұндай ақпараттарды біз сіздің тікелей қатысуыңызбен аламыз.

Біз мұндай ақпараттарды бізге тиісті жұмыс орны орналасқан елдегі жұмысты орындауға құқылы адамдарды ғана жұмысқа тарту және біздегі жұмыс күшінің демографиялық ахуалын бақылау бойынша заңды міндеттемелерді орындау қажет болғандықтан, немесе мұндай заңды міндеттемелер жүктелмейтін елдерде сізге қатысты ақпараттарды қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін үздік практикалық талаптарға сәйкес топтың бизнесін жүргізуге қажетті заңды бизнестік мүдделерді қамтамасыз ету талап етілетіндіктен қолданамыз.

Өтінімді тексеру және үміткерді сынау (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса)

  • тұлғаның жұмыс өтілін, біліктілігін, тәжірибесі мен анықтамалық құжаттарын тексеру
  • жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса, үміткерлерді сынау және анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеру

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан тікелей ұсынылатын (сіздің өтініміңіздің бір бөлігі ретінде) және кадрларды іріктеу үрдісінің кейінгі реттік кезеңдерінде берілетін ақпараттардың, сондай-ақ біз үшінші тұлғалардан жинайтын анықтамалық құжаттар мен қылмыстылық туралы деректер (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) сияқты ақпараттардың комбинациясы болып табылады.

Біз мұндай ақпараттарды бізге тек тиісті жұмысты атқаруға қабілетті әрі жарамды адамдарды ғана жұмысқа тарту бойынша заңды міндеттемелерді орындау қажет болғандықтан, немесе мұндай заңды міндеттемелер жүктелмейтін елдерде сізге қатысты ақпараттардың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, тиісті жұмысты атқару кезінде сіздің жұмысқа жарамдылығыңыз бен қабілеттілігіңізді қамтамасыз етуге қажетті заңды бизнестік мүдделерді орындау талап етілетіндіктен қолданамыз.

 

Кадрларды іріктеу және жалдау

  • үміткерлерді іріктеу және жалдау, соның ішінде олармен бетпе-бет тілдесу, оларды бағалау, психологиялық сынақтан өткізу
  • үміткерлердің өтінім беру үлгілерін қарап шығу, онлайн түрде бағалау құралдарын қолдану және дағдыларын сынау
  • қысқа тізімге енгізу
  • ұсыныс жасау және сыйақы төлеу барысын келісу (қолданылатын болса)
  • топтық нысанда тілдесу, жұмыскерлерді іздеуші бір тұлғаның бірнеше үміткермен тілдесуі және бетпе-бет тілдесу
  • сізге өтінімді қарау нәтижелері және қызығушылық тудыруы мүмкін өзге де мүмкіндіктер, жарнамалық сипаттағы мәселелер мен бақылау тетіктері туралы хабарлау
  • есеп жазбасын жүргізу

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан (кадрларды іріктеу үрдісінің кейінгі реттік кезеңдерінде) тікелей ұсынылатын ақпараттардың, сондай-ақ біздің тарапымыздан Кадрларды іріктеу жөніндегі маман немесе әлеуметтік желілердің платформалары (сіздің өзіңізге қатысты ақпараттарды бөлісу үшін қолданылатын) сияқты үшінші тұлғалардан жиналатын ақпараттардың комбинациясы болып табылады.

Біз мұндай ақпараттарды біздің топта бізбен бірге атқарылатын іс-шараларға (соның ішінде бетпе-бет тілдесу және бағалау) қатысатын үміткерлерді іріктеуге және оларды жұмысқа алуға қатысты, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу кезінде есеп жазбасын жүргізуге қатысты (сізге қатысты ақпараттардың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін) заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

Үміткер жұмысқа алынған жағдайда, жұмыскерге қатысты бұдан кейінгі әрекеттерді орындау

  • еңбек шартын дайындау, басып шығару және оған қол қою сияқты жұмысқа алу кезіндегі әрекеттерді орындау
  • жеке электронды есеп жазбасы мен жеке файлдар қапшығын құру
  • жұмыскерге ақы төлеу құжаттамасын дайындау
  • жұмыскерге үстелетін жаңа сыйақы түрлерінің берілу барысын реттеу
  • тиісті билік органдарына үміткердің жұмысқа алынғандығын растайтын қажетті құжаттарды ұсыну

Мұндай ақпараттар кадрларды іріктеу үрдісінің кейінгі реттік кезеңдерінде, сондай-ақ жұмыс ұсынысын өңдеу және / немесе қабылдау кезінде жиналады.

Біз мұндай ақпараттарды біздің топта сізге қатысты ақпараттардың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, жұмысқа орналастыруға қажетті құжаттарды дайындауға және қажетті ішкі есеп жазбаларын толтыруға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

Кадрларды іріктеу тетігін бақылау

  • сапаны бақылау және біздің компаниядағы кадрларды іріктеу үрдісінің орындалуын бақылау үшін тексеру шараларын ұйымдастыру

Бұл ақпараттар біздің компаниядағы кадрларды іріктеу үрдісін жүзеге асыру барысында жиналады.

Біз мұндай ақпараттарды біздің топта сізге қатысты ақпараттардың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің компаниядағы кадрларды іріктеу үрдісінің орындалуын бақылауға қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың барлығының жүзеге асырылуын қадағалау

  • сіздің тіркеу жазбаларыңызды әкімшіліктендіру
  • сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызға мүмкіндік беру (мысалы, сізге байланыс нүктесінің тиісті бөлімдеріне өз логиніңізбен кіруіңізге мүмкіндік беру (мұндай мүмкіндік тек тіркелген пайдаланушыларға ғана беріледі) және сізге қандай да бір тілді таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету)
  • сізбен хат алмасу
  • сіздің бізбен ұйымдастырылатын кездесулеріңізді (мысалы, бетпе-бет тілдесу немесе бағалау кезінде) үйлестіру
  • сіздің біздің компанияға қатысты алған әсеріңіздің барынша жоғары болуын қамтамасыз ету
  • әкімшіліктендіру және ақауларды жою

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттар (аты-жөніңіз, құпиясөз және осыған ұқсас деректер) мен біздің тарапымыздан автоматты түрде жиналатын ақпараттардың (мысалы, сіздің құрылғыңызға, cookie-файлдар мен осыған ұқсас бақылау технологияларға қатысты ақпараттар) комбинациясы болып табылады.

Біз мұндай ақпараттарды біздің тарапымыздан үйлестірілетін ақпараттарды қолдану мақсаттарына сәйкес келетін негіздерді басшылыққа ала отырып қолданамыз. Мәселен, біз жұмыстарды іздеу тетігін немесе қосымша бағдарламаның жұмысын қолдап отыру үшін сіздің тіркеу жазбаңызға қатысты әрекеттерді орындау кезінде, мұндай ақпараттарды біздің топта сізге қатысты ақпараттарды қорғау үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, біздің топтың бизнесін жүргізуге және қызметкерлер құрамын іріктеуге қажетті заңды бизнестік мүдделердің болуын негізге ала отырып қолданамыз.

Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шаралары

  • біздің топтағы кадрларды іріктеу үрдісінің тиімділігін бағалау
  • Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шаралары (соның ішінде біздің топтағы кадрларды іріктеу үрдісіне, іс-шараларға, «PMI» компаниялар тобының сандық байланыс нүктелеріне қатысты шаралар және біздің (немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың) тарапынан жұмысқа орналасуға үміткерлер тұлғаларға ұсынылатын ақпараттар)

Әдетте, бұл сіздің тарапыңыздан бізге ұсынылатын ақпараттардың; біз автоматты түрде жинайтын ақпараттардың; сондай-ақ (жергілікті заңнамамен рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпараттардың комбинациясы болып табылады.

Біз мұндай ақпараттарды біздің топта сіз туралы ақпараттардың қолданылуын шектеу үшін сіздің мүдделеріңізге, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызға қайшы келмейтін, кадрларды іріктеу әрекеттерінің, процестердің, «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері мен іс-шаралардың тиімділігін талдауға, бағалауға және оларды жетілдіруге қатысты заңды бизнестік мүдделердің болуына байланысты қолданамыз.


Егер сізге қатысты ақпараттардың біздің тарапымыздан қолданылуы жоғарыда көрсетілген құқықтық негіздердің ешқайсысына негізделмейтін болса, біз тиісті ақпараттарды өңдеместен бұрын осыған қатысты сіздің келісіміңізді аламыз (мұндай жағдайлар тиісті факторларды ескере отырып айқындалады). Біз сізге қатысты ақпараттардың арнайы санаттарын өңдеу үшін сіздің тікелей келісіміңізді әлсін-әлсін сұрап отырамыз.

Біз кейбір жағдайларда сізге қатысты ақпараттарды жоғарыда сипатталғаннан бөлек әдістердің көмегімен қолдануымыз мүмкін. Бұл жағдайда, біз сізге мұндай қолдану шарттары қамтылған қосымша Құпиялылық туралы хабарламаны ұсынамыз. Сіз осы хабарламамен қатар, кез келген қосымша хабарламаны да оқуға тиіссіз.

Біздің тарапымыздан қандай да бір автоматты түрдегі шешімдер қабылданады ма?

Біз осы хабарламада қарастырылған кез келген мәселе бойынша автоматты түрдегі шешімдер (мысалы, бетпе-бет жүздесуге шақырылатындардың тізіміне кімді енгізетіндігіміз туралы) қабылдауымыз мүмкін. Бұл жағдайда, біз сізге мұндай шешім туралы, оны қабылдау логикасы туралы, сондай-ақ сізге қатысты ақпараттарды мұндай тәртіпте қолданудың сіз үшін маңыздылығы мен болжалды салдарлары туралы хабарлаймыз.

Біз сізге қатысты ақпараттарды кіммен және қандай мақсаттар үшін бөлісеміз?

Біз сізге қатысты ақпараттарды келесі тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін:

  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары;
  • «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалар (мысалы, кадрлық агенттіктер, анықтамалық сипаттағы мәліметтерді ұсынушы тұлғалар және үміткерлерді онлайн түрде бағалау қызметтерін ұсынушы тұлғалар); сондай-ақ
  • жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген жағдайда, басқа да үшінші тұлғалар (мысалы, қадағалау органдары; үкіметтік ұйымдар; бұрынғы, ықтимал немесе келешек жұмыс берушілер; сондай-ақ ұйымдастырушылық қайта құрылымдау мақсаттары үшін жұмылдырылатын тұлғалар).

Ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының басқа да үлестес тұлғаларымен бөлісу

  • Біз сізге қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары үшін Жеке деректерді өңдеу жұмыстарын бір орталықтан әкімшіліктендіру орны қызметін атқаратын «Philip Morris International Management SA» компаниясымен (Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан) бөлісеміз. Сонымен қатар, біз сізге қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары үшін технологияларды жеткізуші қызметін атқаратын «Philip Morris International IT Service Centre Sàrl» компаниясымен (Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан) бөлісеміз. «Philip Morris International Management SA» компаниясы мен «Philip Morris International IT Service Centre Sàrl» компаниясы (өздерінің құзыреттері шегінде) сізге қатысты ақпараттарды осы хабарламада көрсетілген мақсаттардың барлығы үшін қолданады.
  • Біз осы хабарламада көрсетілген барлық мақсаттар үшін (мысалы, сіздің «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының кез келгеніндегі бос жұмыс орындарының талаптарын қанағаттандыратындығыңызды анықтау үшін) сізге қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының басқа да үлестес тұлғаларымен бөлісеміз. Сіз тиісті ақпараттарды жұмыс іздеу платформасына жүктеген кезде, олар «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының әрқайсысына қолжетімді болады, бұл ретте «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының әрқайсысы оларды өздерінің жеке кадрлық мақсаттарын ескере отырып өңдей алады. Сіз «PMI» компаниялар тобының нақты филиалы көрсетілген Жұмысқа алу өтініміне жауап берген жағдайда да осы шарт қолданылады. Тиісінше, сізге қатысты ақпараттар бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпараттар Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттардың оның шегінен тыс берілуі мүмкін екендігін білдіреді).

Тиісті ақпараттардың «PMI» компаниялар тобының қандай үлестес тұлғасының немесе қандай елдің шегінде құрылғандығы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді мына сілтеме арқылы біле аласыз.

Ақпараттарды үшінші тұлғалармен бөлісу

  • Біз сізге қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалармен (мысалы, кадрлық агенттіктер, анықтамалық сипаттағы мәліметтерді ұсынушы тұлғалар, үміткерлерді онлайн түрде бағалау қызметтерін ұсынушы тұлғалар, ақпараттық қызметтерді ұсынушы тұлғалар және белгілі бір адамның жеке басын куәландыру қызметтерін ұсынушы тұлғалар) бөлісуіміз мүмкін.
  • Біз жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген болса, сізге қатысты ақпараттарды басқа да үшінші тұлғалармен, мысалы қадағалау органдарымен; үкіметтік ұйымдармен; құқық қорғау органдарының немесе өзге де мемлекеттік шенеуніктердің сұратуына жауап ретінде; біздің тарапымыздан мұндай ақпараттарды жариялау физикалық зардаптың немесе қаржылай шығынның алдын алу үшін қажет немесе ойға қонымды деп есептелген кезде, әлде болжалды немесе іс жүзіндегі заңсыз әрекеттерді тергеуге байланысты; сондай-ақ ұйымдастырушылық қайта құрылымдау мақсатында бөлісуіміз мүмкін.

Егер біз сізді қандай да бір сапарға жіберетін немесе сізге жататын орын беретін (мысалы, сізге бетпе-бет тілдесуге бару қажет болса) болсақ, сізге қатысты ақпараттар мұндай сапарды және жататын орынның берілуін ұйымдастыратын, көлік қызметтері мен туристік қызметтерді ұсынатын туристік агенттіктер, онлайн брондау қызметтерін көрсетуші тұлғалар, билет сататын агенттер, әуе компаниялары, автомобильдерді жалға беретін компаниялар, темір жол агенттіктері мен қонақүйлер сияқты үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін. Мұндай үшінші тұлғалар сізге қатысты ақпараттарды өздерінің жеке мақсаттарына (мысалы, өздерінің сізге көлік немесе тұрғын үй ұсыну міндеттемелерін орындау үшін) қолданатын болады, бұл ретте сіз олардың сізге қатысты ақпараттарды қалай қолданатындығы туралы қосымша ақпараттар алу үшін олардың Құпиялылық туралы хабарламасын тексеруіңіз қажет.

Сізге қатысты ақпараттар қай жерлерге жіберілуі мүмкін?

Кез келген көпұлтты ұйымдағыдай, «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары ақпараттарды бүкіл әлем бойынша таратады. Сіз тиісті ақпараттарды жұмыс іздеу платформасына жүктеген кезде, оларды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының барлығына қолжетімді болады, бұл ретте олардың әрқайсысы мұндай ақпараттарды өздерінің жеке кадрлық мақсаттарын ескере отырып өңдей алады. Сіз «PMI» компаниялар тобының нақты филиалы көрсетілген Жұмысқа алу өтініміне жауап берген жағдайда да осы шарт қолданылады. Тиісінше, сізге қатысты ақпараттар бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпараттар Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттардың оның шегінен тыс та берілуі мүмкін екендігін білдіреді).

Осы хабарламада сипатталған ақпараттарды қолдану кезінде, сізге қатысты ақпараттар мұндай ақпараттар жиналған елдің немесе аумақтың шегінде немесе одан тыс, соның ішінде тиісті деректерді қорғауға мүмкіндік беретін балама стандарттары болмауы мүмкін ел немесе аумақ шегінде берілуі мүмкін.

Еуропалық экономикалық аймақ («ЕЭА») шегінде орналасқан «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары жеке тұлғаларға қатысты ақпараттарды «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына ЕЭА шегінен тыс та бере алады. Мұндай мүмкіндік, мәселен, бүкіл әлем бойынша бизнестік операцияларды жеңілдету үшін қарастырылған. Бұл ретте, кез келген жағдайда мұндай ақпараттарды беру әрекеті:

  • Еуропалық комиссияның Сәйкестік туралы шешімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
  • тиісті кепілдіктермен, мысалы ЕО-ның Типтік шарттарымен қорғалуы тиіс; немесе
  • сіз бен біздің арамызда жасалған шарттың міндеттемелері орындалуы (немесе сіздің сұрауыңыз бойынша шарт жасасуға дейін қабылданған шаралар жүзеге асырылуы), не болмаса сіздің мүдделеріңізді ескере отырып, біз бен үшінші тұлға арасында шарт жасасуға немесе жасалған шартты орындауға қатысты міндеттемелер, мысалы, сапар шығындарын төлеу міндеттемелері орындалуы тиіс.

Барлық жағдайда, деректерді қорғау туралы қолданбалы заңнамаға сәйкес осы елдерде немесе аумақтарда жеке ақпараттарды қорғауға бағытталған тиісті қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуы қажет.

Біз сізге қатысты ақпараттарды қалай қорғаймыз?

Біз жеке ақпараттарды қорғау үшін олардың рұқсатсыз жариялануын, пайдаланылуын, өзгертілуін немесе жойылуын болдырмауға бағытталған тиісті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қажеттілік жағдайында, біз сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін кодтау әрекеттерін және басқа да технологияларды қолданамыз. Сондай-ақ біз бізге қызметтерін ұсынушы тұлғалардан деректердің құпиялығынына және қауіпсіздігіне қатысты қатаң талаптарды сақтауларын талап етеміз.

Сізге қатысты ақпараттар қандай мерзімге сақталады?

Біз сізге қатысты ақпараттарды мұндай ақпараттардың жиналуына негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті кезең ішінде сақтаймыз. Бұдан кейін мұндай ақпараттар жойылады. Кезеңнің ұзақтығы тиісті ақпараттардың жиналуына негіз болған мақсаттарға тәуелді. Кейбір жағдайда сіз бізден тиісті ақпараттардың жойылуын сұрауға құқылы екендігіңізді есіңізде ұстаңыз. Сонымен қатар, бізге кейбір жағдайда заң бойынша, мәселен, салық салу және есеп жүргізу мақсаттарында тиісті ақпараттарды сақтау міндеті жүктеледі.

Әдетте, біз деректерді төмендегі кестеде берілген критерийлер негізінде сақтаймыз:

 Деректердің типі
 Түсіндірмесі / деректерді сақтауға қатысты типтік критерийлер
  • кадрларды іріктеу үрдісіне қатысты деректер

Егер сіз бізбен жұмыс істеу туралы өтінім беретін болсаңыз, біз сіздің өтініміңізге қатысты арнайы жазба дайындаймыз және мұндай өтінімді сізге қызығушылық тудыруы мүмкін өзге де мүмкіндіктер туралы айту мақсатында мұндай өтінім біздің қатынастарымызға қажет болған мерзімге, мысалы жалдау үрдісі аяқталғанша, ал сіздің өтініміңіз қабылданған жағдайда, сіз бізбен жұмыс істейтін кезең ішінде сақтап қоямыз.

Әдетте, сізге қатысты ақпараттар сіз Жұмысқа алу платформасына соңғы рет кірген күннен бастап 12 ай бойы сақталады. Біз заңда белгіленген кезең ішінде (мұндай кезеңде жалдау үрдісіне қатысты талап арыз берілуі мүмкін болғандықтан) жұмысқа алу үрдісінің жазбасын жүргіземіз. Егер сіз жұмыстардың белгілі бір түрлеріне орналасуға өтінім берсеңіз және бұл жұмыс орны орналасқан елде рұқсат етілсе немесе талап етілсе, біз сізге қатысты ақпараттарды бұдан да ұзағырақ сақтауымыз мүмкін.

Жалдау үрдісіне қатысты басқа да жазбалар (мысалы, бағалау нәтижелері және анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеру деректері) бұдан тұрақты жазбалар (мысалы, бағалау нәтижелеріне және анықтамалық сипаттағы мәліметтерді тексеруге қатысты жазба) жасалғанға дейін қысқа мерзімге ғана сақталады.

  • келушілердің жазбалары

Егер сіз біздің топтың ғимараттарының біріне келетін болсаңыз, осыған байланысты сізді тіркеу деректері әдетте бірнеше ай бойы сақталады.

  • Жасырын бейнебақылау жүйесі (CCTV)

Егер сіз біздің топтың ғимараттарының біріне келетін болсаңыз, осыған байланысты Жасырын бейнебақылау жүйесінде жасалған бейнежазба әдетте бірнеше күн бойы сақталады.

  • жүйелі бақылау журналдарындағы деректер

Жүйелі бақылау журналдарындағы деректер әдетте тек бірнеше ай бойы сақталады.

  • бизнес-талдау деректері

Бизнес-талдау деректері әдетте, сіз «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолданған кезде автоматты түрде сақталады және бұдан кейін дереу жасырылған/кіріктірілген деректерге айналдырылады.

Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?

Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпараттарға қатысты сіз үшін келесідей құқықтардың кейбірі немесе барлығы қамтамасыз етілген:

  • бізден сізге мұндай ақпараттарға қатынау мүмкіндігін беруді сұрау;
  • бізден қандай да бір ақпараттардың түзетілуін, жаңартылуын немесе жойылуын сұрау;
  • бізден белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттарды біздің шектелген түрде қолдануымызды сұрау;
  • белгілі бір жағдайларда мұндай ақпараттарды біздің тарапымыздан қолданылуына қарсылық білдіру;
  • біздің мұндай ақпараттарды қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою;
  • белгілі бір жағдайларда бізден мұндай ақпараттарды беру (тасымалдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрау;
  • біздің мұндай ақпараттарды тікелей маркетинг мақсаттарында қолдануымыздан бас тарту; сондай-ақ
  • өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру (егер біздің тарапымыздан жоғарыда көрсетілген әрекеттердің қандай да бірі орындалмаған болса).

Біз сізге аталған құқықтарды жүзеге асырудың оңай жолдарын ұсынамыз, бұл ретте, мәселен «хат алудан бас тарту» сілтемелерін пайдалануыңызға, әлде YourHR@pmi.com электронды поштасы арқылы немесе осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфында көрсетілген байланыс деректерін қолдану арқылы бізге хабарласуыңызға болады.

Сізге берілетін құқықтардың көлемі сіздің еліңіздің заңдарына тәуелді болып табылады. Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақ шегінде орналасқан болсаңыз, сізге төмендегі кестеде көрсетілген құқықтар беріледі. Егер басқа жерде орналасқан болсаңыз, осыған қатысты толығырақ ақпараттар алу үшін бізге хабарласа аласыз (осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфын қараңыз.

Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпараттарға қатысты жекелеген құқықтар
Егжей-тегжейлі деректер (ескертпе: осы құқықтардың барлығына қатысты бірқатар заңи шектеулер қойылады)
  • бізден сізге тиісті ақпараттарға қатынау мүмкіндігін беруді сұрау

Осы арқылы келесі жайттар расталады:

  • біздің сізге қатысты ақпараттарды өңдей алатындығымыз немесе алмайтындығымыз;
  • біздің атауымыз және байланыс деректеріміз;
  • ақпараттарды өңдеу мақсаты;
  • тиісті ақпараттардың санаттары;
  • біз тиісті ақпараттарды бөлісетін тұлғалардың санаттары, сондай-ақ, егер қандай да бір тұлға ЕЭА шегінен тыс орналасқан болса және Еуропалық комиссияның Сәйкестік туралы шешімі негізінде берілетін артықшылықтарды ала алмаса, ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті кепілдіктер;
  • егер біз сізден тиісті ақпараттарды алмаған болсақ, мұндай ақпараттарды алуға болатын басқа да дереккөздер (бізде мұндай дереккөздер бар болса);
  • (сізге арнайы хабарланатын, біздің тарапымыздан жүзеге асырылатын әрекеттер шеңберінде) сіз үшін заңды салдарлары бар немесе сізге осыған ұқсас тәртіпте елеулі түрде әсерін тигізетін қандай да бір шешімдерді автоматты түрде қабылдау, соның ішінде белгілі бір тұлға үшін жеке профиль құру мүмкіндігінің болуы, жұмыс барысында басшылыққа алынған логика туралы ақпараттар, сондай-ақ сізге қатысты ақпараттардың мұндай тәртіпте қолданылуының сіз үшін маңыздылығы және болжалды салдарлары; және
  • біздің тарапымыздан тиісті ақпараттарды сақтау көзделетін уақыт кезеңін анықтау критерийлері.

Сіздің сұрауыңыз бойынша біз сізге біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпараттардың үзінді көшірмесін береміз (бұл өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына әсер етпейтін болса).

  • бізден қандай да бір ақпараттардың түзетілуін немесе жаңартылуын сұрау

Бұл құқық бізде бар ақпараттар дәл емес немесе толық емес болған жағдайда қолданылады.

  • бізден қандай да бір ақпараттардың жойылуын сұрау

Бұл құқық мына жағдайларда қолданылады:

  • бізде бар ақпараттар мұндай ақпараттардың қолданылуына негіз болған мақсаттар үшін бұдан әрі қажет емес болса;
  • біз сізге қатысты ақпараттарды сіздің келісіміңіз негізінде қолданатындықтан, сіздің мұндай келісім беруден тас тартуыңыз жағдайында (бұл жағдайда, егер сіз бізге өзіңізге қатысты ақпараттардың барлығын жоюды қалайтындығыңыз туралы хабарламаған болсаңыз, біз сізбен бұл туралы қайтадан байланысудың қажеттігі жоқ деп түсінеміз және мұндай жағдайда біз сіздің қалауыңызға құрметпен қараймыз);
  • біз сізге қатысты ақпараттарды заңды мүдделер негізінде қолданатындықтан, сіз бұған наразылық танытатын жағдайда, біз мұндай ақпараттарды одан әрі қолдануға аса мүдделі емеспіз деп шешетін болсақ;
  • тиісті ақпараттар заңсыз алынған немесе қолданылған болса; әлде

заңды міндеттемелерді орындау қажет болса.

  • бізден сізге қатысты ақпараттарды өңдеуге шектеу қоюды сұрау

Бұл құқық біздің тарапымыздан сіздің келесі жағдайларға байланысты туындаған ісіңізді қарау кезінде уақытша қолданылады:

  • егер сіз біздің тарапымыздан қолданылатын ақпараттардың дәлдігіне күмән келтіретін болсаңыз; немесе
  • заңды мүдделерді негізге ала отырып, біздің сізге қатысты ақпараттарды қолдануымызға қарсы болсаңыз

    (егер сіз осы жағдайларда өзіңіздің құқықтарыңызды қолданатын болсаңыз, біз сізге қатысты мұндай ақпараттарды қайтадан қолданар алдында сізге бұл туралы ескертеміз).

    Бұл құқық келесі жағдайларда да қолданылады:

  • біздің сізге қатысты ақпараттарды қолдануымыз заңсыз болса және сіз олардың жойылуына қарсы болсаңыз; немесе

бізге мұндай ақпараттар бұдан әрі қажет болмаса, алайда сіз оларды қандай да бір сот ісін жүргізу үшін талап етсеңіз.

  • сізге қатысты ақпараттардың біздің тарапымыздан өңделуіне қарсылық білдіру

Сіз осы жағдайға қатысты келесідей екі құқық түрін қолдана аласыз:

  • егер біз сізге қатысты ақпараттарды тікелей маркетинг үшін қолданатын болсақ: сіз бұдан бас тарта (себебін түсіндірместен) аласыз, бұдан кейін біз сіздің сұрауыңызды қанағаттандырамыз; сондай-ақ
  • егер біз сізге қатысты ақпараттарды тікелей маркетинг мақсаттарынан өзге мақсаттарда, заңды мүдделерді негізге ала отырып қолданатын болсақ, сіз өзіңіздің нақты жағдайдағы пікіріңізді түсіндіру арқылы біздің мұндай ақпараттарды осы мақсаттарда пайдалануымызға қарсылық білдіре аласыз, бұдан кейін біз сіздің наразылығыңызды қарастырамыз.

 

  • біздің сізге қатысты ақпараттарды қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою

Бұл құқық сізге қатысты ақпараттарды қолданудың құқықтық негізі сіздің осыған қатысты келісіміңіз болып табылған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайлар тиісті мәселенің барысына қарай айқындалады.

  • автоматты түрде шығарылған бірқатар шешімдерге наразылық таныту

Егер біздің топта қарастырылған кадрларды іріктеу үрдісі шеңберінде біз бірыңғай автоматты түрде өңдеуге негізделген шешімдерді қабылдайтын болсақ және мұндай шешім сізге қатысты заңды салдарлардың туындауына әкеп соқтырса немесе сізге осыған ұқсас тәртіпте әсер етсе (мысалы, осы шешім негізінде сізді бетпе-бет тілдесуге шақырылмасаңыз), сіз мұндай шешімге наразылық білдіруге, мұндай шешімнің адамның тарапынан қаралуын сұрауға және осыған қатысты өзіңіздің пікіріңізді білдіруге құқылысыз.

Бұл құқық келесі жағдайларда қолданылмайды:

  • сіз мұндай тәртіпте шығарылған шешімдерді қабылдауға алдын ала келісім берсеңіз;
  • сізге қатысты ақпараттарды қолдану сіз бен біздің арамызда шарт жасасу немесе оны орындау үшін қажет болса; әлде
  • бұған заңға сәйкес рұқсат етілген болса.

Жоғарыда айтылғандай, бұл жағдайда, біз сізге мұндай шешім туралы, оны қабылдау логикасы туралы, сондай-ақ сізге қатысты ақпараттарды мұндай тәртіпте қолданудың сіз үшін маңыздылығы мен болжалды салдарлары туралы хабарлаймыз.

  • бізден сізге қатысты ақпараттарды беру (тасымалдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрау

Егер:

  • сіз бізге қандай да бір ақпараттарды берсеңіз; ал
  • біз мұндай ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарының көмегімен және сіздің келісіміңіз негізінде немесе біздің сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерді орындауымыз қажет екендігін негізге ала отырып қолданатын болсақ,

онда сіз бізден жалпылай қабылданған форматтағы деректерді алуға және біз үшін техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда, мұндай деректерді басқа тұлғаға беруді талап етуге құқылысыз.

  • өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру

Еуропалық экономикалық аймақта орналасқан әрбір елде осы мақсат үшін бір немесе бірнеше мемлекеттік орган болуы тиіс.

Мұндай органдардың байланыс деректерін мына сілтеме бойынша таба аласыз:

http://ec.europa.eu/justice/data-protection/bodies/authorities/index_en.htm

Еуропалық экономикалық аймақ шегінен тыс орналасқан елдердегі мұндай органдар туралы мәліметтер алу үшін өз еліңіздегі билік органдарының веб-сайттарына кіруіңізді сұраймыз.

Жекелеген елдерде қарастырылған қосымша құқықтар

Сіздің қай елдің аумағында екендігіңізге байланысты сізге бұдан өзге де бірқатар құқықтар берілуі мүмкін.

  • Егер сіз Францияның аумағында болсаңыз, бізге сіз қайтыс болғаннан жағдайда біздің қолымыздағы ақпараттармен не істеу керектігі туралы нұсқаулар (мәселен, бізге оларды сақтау немесе жою керек пе, сондай-ақ оларды өзге тұлғалар көруге құқылы ма) беруге құқылысыз. Сіз:
  1. Франциядағы Деректердің қорғалуын қадағалау органында («CNIL» деп аталады) тіркелген Сандық қызметтерді көрсетуші тұлғаға осыған қатысты жалпы нұсқауларды бере аласыз (мұндай нұсқаулықтар сізге қатысты ақпараттарды кез келген тәртіпте қолдану жағдайына қатысты болып табылады); немесе
  2. бізге сіз туралы ақпараттардың тек біздің тарапымыздан қолданылуына қатысты нақты нұсқаулар бере аласыз.

Сіздің нұсқауларыңыз бойынша бізден сізге қатысты ақпараттарды үшінші тұлғаға беру талап етілуі мүмкін (алайда мұндай ақпараттарда өзге тұлғаларға қатысты деректер қамтылған жағдайда, біз олардың да Құпиялылыққа қатысты құқықтарын да құрметтеуге міндетті болғандықтан, сіз қалдырған хаттағы нұсқаулықтарды басшылыққа ала алмаймыз). Сіз мұндай нұсқауларыңыздың орындалуына жауапты болатын үшінші тұлғаны тағайындай аласыз. Егер сіз мұндай тәртіпте үшінші тұлғаны тағайындамаған жағдайда, сіздің құқықтық мұрагерлеріңіз сіз қайтыс болғаннан кейін сіз туралы ақпараттарға қатысты сіздің құқықтарыңызды қолдануға құқылы (егер сіз өз нұсқауларыңызда басқаша көрсетпеген болсаңыз), бұл:

  1. сіздің мүлкіңізді басқару үшін (бұл жағдайда сіздің құқықтық мұрагерлеріңіз сіздің мүлкіңізді басқаруға пайдасы тиюі мүмкін ақпараттарды сәйкестендіру және алу мақсатында сіз туралы ақпараттарды, соның ішінде жалпы отбасыға тиесілі деп есептелуі мүмкін және сіздің құқықтық мұрагерлеріңізге берілуі тиіс кез келген ортақ сандық тауарларды немесе деректерді қолдана алады); сондай-ақ
  2. сіз туралы ақпараттарды қолданушы тараптардың сіздің қайтыс болуыңызға байланысты әрекеттерді (мысалы, сіздің тіркеу жазбаңызды жабу және сізге қатысты ақпараттардың қолданылуын немесе жаңартылуын шектеу) орындауын қамтамасыз ету үшін қажет.

Сіз кез келген уақытта өзіңіздің нұсқауларыңызды өзгерте немесе олардың күшін жоя аласыз. Сіз қайтыс болған жағдайда сізге қатысты ақпараттарды өңдеу жөніндегі егжей-тегжейлі ақпараттарды 1978 жылдың 6 қаңтарында қабылданған 78-17 нөмірлі Заңның 40-1 бабынан қараңыз. Сіз қайтыс болған уақыт сіздің өз тіркеу жазбаңызды бұдан әрі қолдануды тоқтатқандығыңызды білдіреді және мұндайда біз топ шеңберінде басшылыққа алынатын «Ақпараттарды сақтау саясатына» сәйкес сізге қатысты ақпараттарды жоямыз (толығырақ ақпараттар алу үшін «Сізге қатысты ақпараттар қандай мерзімге сақталады?» параграфын қараңыз).

Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаған болса немесе қандай да бір құқықтарыңызды қолдануды қаласаңыз, бізбен YourHR@pmi.com арқылы хабарласуыңызға болады, немесе «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасының және деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің (қарастырылған болса) байланыс деректерін мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сондай-ақ байланыс деректері сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы тарапынан жіберілетін қатынас хаттарының кез келгенінде көрсетіледі.

Егер сіз орналасқан елде деректерді қорғауға маманданған орган болса, сіз оларға кез келген сұрақ немесе мәселе бойынша хабарласуға құқылысыз. Егер «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасы сізде туындаған сұрақтарды немесе мәселелерді шеше алмаса, сіз сондай-ақ ұлттық сот жанындағы соттық қорғаныс құралдарына жүгінуге құқылысыз.

Осы хабарламаға өзгерістер енгізу

Осы хабарлама (және кез келген қосымша Құпиялылық туралы хабарлама) біздің тарапымыздан әлсін-әлсін жаңартылуы мүмкін. Жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз сізге мұндай өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.

Соңғы рет 2018 жылдың 14 мамыры өзгерістер енгізілген.