Біз кімбіз?
Біз «Philip Morris International» тобының мүшесіміз. Бізге қатысты деректер (атау, мекенжай және т.б.) біздің сіз туралы ақпарат жинауымыз кезінде сізге жекелеген тәртіпте (кейде растау үшін), мысалы, қосымша бағдарламадағы немесе веб-сайттағы хабарлама немесе электронды хат түрінде (мұндай хабарламаның тиісті сілтемесін көрсету арқылы), не болмаса біздің арамызда жасалған шартта ұсынылады.
Біз сізге қатысты ақпаратты қалай жинаймыз?
Біз сізге қатысты ақпаратты әртүрлі тәсілдердің көмегімен жинауымыз мүмкін.
- Сіз бізге ақпаратты тікелей (мысалы, шарт жасасқан, үлгіні толтырған немесе бізге қоңырау шалған кезде) ұсына аласыз.
- Біз тиісті ақпаратты автоматты түрде (мысалы, «PMI» компаниялар тобының қосымша бағдарламасын немесе веб-сайтын қолдану кезінде) жинауымыз мүмкін.
- Біз тиісті ақпаратты үшінші тұлғалардан (мысалы, сіздің жұмыс берушіңізден, сіздің өкіліңізден немесе компанияның веб-сайты, интернеттегі іздеу парақшалары немесе LinkedIn, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілердің платформалары түріндегі жалпыға қолжетімді дереккөздерден алуымыз мүмкін.
Осы хабарламада біз сіздің бізбен «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелері» ретінде байланыс орнатуыңызға көмектесетін барлық әдістерді қолданамыз. «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелеріне физикалық құралдар (мысалы, «PMI» компаниялар тобының кеңселері, сауда бөлімшелері және іс-шаралар), сондай-ақ сандық құралдар (мысалы, электронды пошта арқылы жіберілетін хаттар мен веб-сайттар) кіреді.
Сіз туралы қандай ақпаратты жинаймыз?
Біз сізге қатысты келесі ақпаратты жинауымыз мүмкін:
- біздің сізбен, сіздің жұмыс берушіңізбен немесе өкіліңізбен арадағы қарым-қатынасты басқаруға және жүйелендіруге қажетті ақпарат
- өнімдер мен қызметтерді сатып алуға қажетті ақпарат
- сауда-саттық мақсаттарына немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер беруге (мысалы, тапсырыстарды орындау үшін) қажетті ақпарат
- «PMI» компаниялар тобының өнімдерін немесе қызметтерін қолдап отыруға, не болмаса кепілдікті қызмет көрсетуге қажетті ақпарат
- біздің тұтынушыларымызға, «PMI» компаниялар тобының өнімдеріне немесе бізге қатысты қандай қызмет түрлерін көрсететіндігіңізге (мысалы, кепілдікті қызмет көрсету, «PMI» компаниялар тобының өнімдері мен сату орындарындағы жарнамалық материалдарды шығару және т.б.) қатысты ақпарат
- шарттарда, үлгілерде немесе сауалнамаларда сіздің тарапыңыздан берілетін ақпарат
- біздің кеңселерге келгендігіңіз және іс-шараларға қатысқандығыңыз туралы ақпарат
- сіз бізге қоңырау шалу кезінде берген немесе электронды пошта арқылы жіберген хаттарда көрсетілген ақпарат
- сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат
- сіздің жасыңызды анықтауға, жеке басыңызды және жұмыс берушіңіздің атынан әрекет ету құқығыңызды (қажеттілік жағдайында) куәландыруға қажетті ақпарат
Біз сізге қатысты ақпаратты қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негіздемеге сүйене отырып қолданамыз?
Бұл бөлімде біз жеке ақпаратты қолдануға негіз болатын мақсаттар туралы баяндаймыз. Алайда, бұл хабарлама жалпылай сипатта болғандықтан, тиісті елдің заңнамасында осы хабарламада сипатталған белгілі бір әрекеттерге шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайда, біз аталған елде сізге қатысты ақпаратты осы мақсаттар үшін пайдаланбаймыз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сіз бен біздің арамыздағы қарым-қатынастың сипатына қарай, біз сізге қатысты ақпаратты келесі мақсаттарда қолдануымыз мүмкін:
- Сіздің жасыңызды анықтау және жеке басыңызды куәландыру, «Өзіңіздің жеткізушіңіз туралы не білесіз?» тексерістерін жүргізу және біздің сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен арамыздағы шарттық қатынастарды басқару сияқты нормативтік міндеттемелерді жүзеге асыру үшін
- Нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету, мысалы, сізге қатысты жазбаларды қандай да бір болжалды даулар туындаған кезде біздің заңгерлерден немесе өзге де кеңесшілерден кеңестер алу мақсатында сақтап қою және қолдану үшін
- Сізден немесе сіздің жұмыс берушіңізден өнімдерді немесе қызметтерді сатып алу, соның ішінде сіз бен біздің арамыздағы қарым-қатынасты басқару үшін сізбен байланыс орнату, сауда айналымына қатысты қызметтерді сатып алу және сізге тауарлардың, қызметтердің ақысын төлеу және шығындарды өтеу (қажеттілік жағдайында) үшін
- Біздің өнімдерімізді сізге сату, соның ішінде сіздің тапсырыстарыңызды орындау, сіздің төлемдеріңізді өңдеу үшін
- Сізге сауда айналымына қатысты қызметтерді ұсыну, соның ішінде сіздің сауалдарыңызға жауап беру және талаптарыңызды қанағаттандыру, сондай-ақ кепілдікті қызмет көрсету үшін
- Сізге қандай да бір жаңарту әрекеттері, жарнамалық акциялар, іс-шаралар туралы хабарлау және біздің қарым-қатынасымызға қатысты аспектілерді басқару, соның ішінде бейілділік бағдарламаларын реттеу, өнімдерді жетілдіру, нарықты зерделеу, маркетингтік стратегияларды дайындау, маркетингтік кампанияларды басқару және іс-шараларды ұйымдастыру барысын жүйелендіру үшін
- Жоғарыда аталған әрекеттердің барлығын қолдап отыру, соның ішінде сіздің немесе жұмыс берушіңіздің тіркеу жазбаларын әкімшіліктендіру, сіздің «PMI» компаниялар тобының байланыс нүктелерін қолдануыңызға және «PMI» компаниялар тобының өнімдерін сатуыңызға мүмкіндік беру, әкімшіліктендіру және ақауларды жою, жалпы жазбаларды жүргізу және біздің тарапымыздан сізге қол жеткізу құқығы берілген кез келген жүйеге кіруіңізді бақылау үшін
- Бизнес-талдау және бизнестің тиімділігін арттыру шараларын орындау, соның ішінде «PMI» компаниялар тобының өнімдерін, кеңселерін, үдерістерін, дүкендері мен іс-шараларын, сондай-ақ біздің (немесе біздің үлестес тұлғаларымыздың) тарапымыздан біздің клиенттерге, жеткізушілерге, қызметтерді ұсынушы тұлғаларға, үшінші тұлғаның мердігерлеріне, бөлшек саудагерлерге және келіп-кетушілерге ақпараттың берілу барысын жетілдіру үшін
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде интернеттегі және электронды пошта арқылы ұсынылатын құралдардың тиісті түрде қолданылуын қадағалау үшін
- Бізге немесе біздің іскерлік серіктестерімізге сізге маркетингтік шараларға немесе «PMI» компаниялар тобының өнімдерін ілгері жылжыту шараларына қатысу туралы хабарлауға мүмкіндік беру үшін
- Сізге алдын ала хабарланатын немесе тиісті мәселенің барысына қарай айқындалатын, сіз туралы бастапқыда жиналған ақпаратқа қатысы бар өзге де мақсаттар үшін
Біздің тарапымыздан сізге қатысты ақпаратты қолдану негізі ретінде келесі негіздердің бірі қолданылады (аталған негіздер «толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі):
- бізге жүктелетін заңды міндеттемелерді тиісті түрде орындау;
- сіз бір тарабы болып табылатын келісімшартты орындау;
- сіздің өзіңізге қатысты тиісті ақпаратты қорғауыңыз үшін талап етілетін мүдделерге қайшы келмейтін заңды бизнестік мүдделер;
- жоғарыда көрсетілген негіздердің бірде бірі қолданылмаған жағдайда, сізге қатысты ақпаратты қолдану үшін сіздің келісіміңіз қажет (біз ақпаратты өңдеместен бұрын сізден мұндай келісім беретіндігіңізді сұраймыз).
Біз сізге қатысты ақпаратты кіммен және қандай мақсаттар үшін бөлісеміз?
Біз сізге қатысты ақпаратты келесі тұлғалармен бөлісе аламыз:
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары;
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларына немесе сізге өзінің өнімдерін немесе қызметтерін ұсынатын үшінші тұлғалар (мысалы, кәсіби кеңесшілер, төлем қызметтерін ұсынушы тұлғалар, жеткізу қызметтерін ұсынушы тұлғалар, аудиторлар және ақпараттық қызметтерді ұсынушы тұлғалар);
- «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғаларының жан-жақты іріктелген іскерлік серіктестері мен жарнама берушілері (біздің өнімдермен байланысқан салаларда маманданған, не болмаса мұндай үлестес тұлғалардың стилі мен беделіне сәйкес келетін тұлғалар); бұл ретте мұндай тұлғалармен ақпаратты бөлісу олардың сіздің қалауыңызды ескере отырып, олардың пікірінше сізді қызықтыруы мүмкін қандай да бір ұсыныстармен, соның ішінде сауда бағдарламаларымен, оқу материалдарымен және оқыту курстарымен сізге жүгіне алуы үшін қажет; сондай-ақ
- жергілікті заңнамамен талап етілген және рұқсат етілген болса, басқа да үшінші тұлғалар (мысалы, қадағалау органдары; үкіметтік ұйымдар және кәсіби кеңесшілер).
Сізге қатысты ақпарат кімге жіберілуі мүмкін?
Кез келген көпұлтты ұйымдағыдай, «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғалары ақпаратты бүкіл әлем бойынша таратады. Тиісінше, сізге қатысты ақпарат бүкіл әлем бойынша берілуі мүмкін (егер сізге қатысты ақпарат Еуропалық экономикалық аймақ шеңберінде жиналатын болса, бұл мұндай ақпараттың оның шегінен тыс берілуі мүмкін екендігін білдіреді).
Біз сізге қатысты ақпаратты қалай қорғаймыз?
Біз жеке ақпаратты қорғау үшін оның рұқсатсыз жариялануын, пайдаланылуын, өзгертілуін немесе жойылуын болдырмауға бағытталған тиісті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қажеттілік жағдайында, біз сіздің тарапыңыздан ұсынылатын ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін кодтау әрекеттерін және басқа да технологияларды қолданамыз. Сондай-ақ біз бізге қызметтерін ұсынушы тұлғалардан деректердің құпиялығынына және қауіпсіздігіне қатысты қатаң талаптарды сақтауларын талап етеміз.
Сізге қатысты ақпарат қандай мерзімге сақталады?
Біз сізге қатысты ақпаратты мұндай ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарды орындауға қажетті кезең ішінде сақтаймыз. Бұдан кейін мұндай ақпарат жойылады. Кезеңнің ұзақтығы тиісті ақпараттың жиналуына негіз болған мақсаттарға байланысты болады. Кейбір жағдайда сіз бізден тиісті ақпараттың жойылуын сұрауға құқылы екендігіңізді есіңізде сақтаңыз. Сонымен қатар, бізге кейбір жағдайда заң бойынша, мәселен, салық төлеу және есеп жүргізу мақсаттарында тиісті ақпаратты сақтау міндеті жүктеледі.
Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?
Біздің тарапымыздан қолданылатын сіз туралы ақпаратқа қатысты сіз үшін келесі құқықтардың кейбірі немесе барлығы қамтамасыз етілген:
- бізден сізге мұндай ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беруді сұрау;
- бізден қандай да бір ақпараттың түзетілуін, жаңартылуын немесе жойылуын сұрау;
- бізден белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің шектелген түрде қолдануымызды сұрау;
- белгілі бір жағдайларда мұндай ақпаратты біздің тарапымыздан пайдаланылуына қарсылық білдіру;
- біздің мұндай ақпаратты қолдануымызға қатысты берген өз келісіміңіздің күшін жою;
- белгілі бір жағдайларда бізден мұндай ақпаратты беру (тасымалдау) мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрау;
- біздің мұндай ақпаратты тікелей маркетинг мақсаттарында қолдануымыздан бас тарту; сондай-ақ
- өз еліңіздегі қадағалау органына шағым түсіру (егер біздің тарапымыздан жоғарыда көрсетілген әрекеттердің қандай да бірі орындалмаған болса).
Біз сізге аталған құқықтарды жүзеге асырудың оңай жолдарын ұсынамыз, мәселен оларды «хат алудан бас тарту» сілтемелерін немесе сізге берілген біздің тобымызбен байналыс орнату мекенжайларын, сіздің тарапыңыздан қабылданатын хаттарды немесе осы хабарламаның соңындағы «Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?» параграфында көрсетілген байланыс деректерін қолдану арқылы жүзеге асыруыңызға болады.
Біз ұсынатын кейбір мобильді қосымша бағдарламаларда сізге, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы push-хаттар да жіберілуі мүмкін. Сіз өз телефоныңыздағы немесе қосымша бағдарламадағы баптаулардың көмегімен мұндай хаттарды алудан бас тарта аласыз.
Жекелеген елдерде ескерілген қосымша құқықтар
Сіздің қай елдің аумағында екендігіңізге байланысты сізге бұдан өзге де бірқатар құқықтар берілуі мүмкін.
Сұрақтарыңыз бойынша кімге хабарласуыңыз қажет?
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаған болса немесе қандай да бір құқықтарыңызды қолдануды қаласаңыз, «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасының және Деректерді қорғау жөніндегі қызметкердің (қарастырылған болса) байланыс деректерін мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сондай-ақ байланыс деректері сізге «PMI» компаниялар тобының үлестес тұлғасы тарапынан жіберілетін қатынас хаттарының кез келгенінде көрсетіледі.
Егер сіз орналасқан елде деректерді қорғауға маманданған орган болса, сіздің оларға кез келген сұрақ немесе мәселе бойынша хабарласуға құқығыңыз бар. Егер «PMI» компаниялар тобының тиісті үлестес тұлғасы сізде туындаған сұрақтарды немесе мәселелерді шеше алмаса, сіздің сондай-ақ ұлттық сот жанындағы соттық қорғаныс құралдарына жүгінуге құқығыңыз бар.
Осы хабарламаға өзгерістер енгізу
Осы хабарлама (және кез келген қосымша Құпиялылық туралы хабарлама) біздің тарапымыздан әлсін-әлсін жаңартылуы мүмкін. Жергілікті заңнамамен талап етілген жағдайда, біз сізге мұндай өзгерістер туралы хабарлайтын боламыз.
Соңғы рет 2018 жылдың 13 сәуірінде өзгерістер енгізілген. Осы хабарламаның алдыңғы нұсқаларын мына сілтеме арқылы таба аласыз.